Күшін жойған нормативті-құқылық актілер жөнінде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 шілдедегі N 205 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 17 шілдесіндегі N 690 жарлығы мен "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1 бабына сәйкес "Жерқойнауын пайдаланушылардың жерқойнауын пайдалану үшін операциялар жүргізу есепнамасын беру Ережесінің" бекітілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрінің ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2000 жылдың 28 қыркүйектегі N 393-п "Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау Министрлігіне Келісімшартты аумақтағы жүргізілген жұмыстар бойынша жерқойнауын пайдаланушылардың геологиялық ақпараттарды беру тәртібін бекіту туралы" бұйрығының күшін жойғаны жөніндегі бұйрықтың жобасы дайындалсын.
      2. Осы бұйрықтың көшірмесі ҚР Әділет Министрлігіне жіберілсін.
      3. Бұйрықты ресми баспаларда жариялау қажет.
      4. Бұйрық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.

      Министр                                        С.Мынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады