Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «1999 жылғы 8 қазандағы № 81 бұйрықтың қолданылуын тоқтата тұру туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 87 (нормативтік құқықтық кесімдерде мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 985 болып енгізілген);
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 21 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2000 жылғы 6 мамырдағы № 41 (нормативтік құқықтық кесімдерде мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1142 болып енгізілген).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Р. Түсіпбеков