Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 98 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «1999 жылғы 8 қазандағы № 81 бұйрықтың қолданылуын тоқтата тұру туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 87 (нормативтік құқықтық кесімдерде мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 985 болып енгізілген);
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 21 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2000 жылғы 6 мамырдағы № 41 (нормативтік құқықтық кесімдерде мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1142 болып енгізілген).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады