Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуідегі № 332 бұйрығы

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген);
      2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 107 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                           Д. Құсдәулетов

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 22 апреля 2010 года № 132

      Руководствуясь статьей 7 Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу:
      1) приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 316 "Об утверждении Правил представления органами юстиции информации по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 3203);
      2) приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 апреля 2007 года № 107 "О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 316 "Об утверждении Правил представления государственными предприятиями, осуществляющими регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним, информации в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 4671).
      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      И.о. Министра                              Д. Куставлетов

      Согласован:
      Председателем Агентства
      Республики Казахстан
      по регулированию и надзору,
      финансового рынка
      и финансовых организаций
      25 октября 2010 года