«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген);
2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 107 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Д. Құсдәулетов