Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3203. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуідегі № 332 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.22 № 332 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      Келісілді:            
Қазақстан Республикасының    
Қаржы рыногын және қаржылық  
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы 29 қазан     

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің  
2004 жылғы 28 қазандағы
N 316 бұйрығымен   
бекітілген      

  Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған
шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      1. Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      2. Осы Ереже жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) оларға тиесілі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарға (құқықтық ауыртпалықтары) қатысты кредиттік тарих субъектілері туралы ақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) кредиттік бюроға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      3. Тіркеуші органдардың ақпарат ұсынуы тегін жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      4.  алынып тасталды
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      5.  алынып тасталды
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N  107 бұйрығымен.

      6. Тіркеуші органдардың кредиттік бюроға ұсынатын ақпараттары мынадай мәліметтерді:
      1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтарға ауыртпалықтар туралы мәліметті;
      2) заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекен-жайы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген нөмірі және күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банктік деректемелері, жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтардың ауыртпалықтары туралы мәліметті қамтуы тиіс.
      Ақпарат тіркеуші орган мен кредиттік бюроның арасындағы келісім бойынша, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, ақпарат ұсыну туралы олармен жасалған шарттың негізінде толықтырылуы мүмкін.

      7. Егер, шарттағы ақпаратты қағаз тасымалдағышында беру көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар ақпаратты кредиттік бюроға электрондық тасымалдағышпен ұсынады.

      8. Егер, кредиттік бюро алған ақпарат тіркеуші органның немесе кредиттік бюроның жіберген техникалық қателерінің салдарынан, олардың қызметкерлерінің өзге де іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен бұрмаланған жағдайларда тіркеуші органдар ақпараттың бұрмаланғаны анықталғаны туралы мәліметті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға шынайы ақпарат беруге міндетті.

      9. Ақпаратты ұсыну жөнінде келіспеушіліктер болса, даулар сот тәртібімен қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады