Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мына:
1) "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келіп жетуін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өзара іс-қимылы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2287 болып тіркелген);
2) "№ 2287 болып тіркелген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келіп жетуін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өзара іс-қимылы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № 66 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 31 наурыздағы № 164 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 306, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3214 болып тіркелген) бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 Осы бұйрықтың орындалысын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Д.Т. Аманбаевқа жүктелсін.
3 Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасы _____________ Р. Түсіпбеков |
Қазақстан Республикасы _____________ С. Баймағанбетов |