Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 191 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 118 Бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мына:
      1) "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келіп жетуін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өзара іс-қимылы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2287 болып тіркелген);
      2) "№ 2287 болып тіркелген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келіп жетуін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының өзара іс-қимылы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № 66 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 31 наурыздағы № 164 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 306, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3214 болып тіркелген) бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2 Осы бұйрықтың орындалысын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Д.Т. Аманбаевқа жүктелсін.
      3 Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі

_____________ Р. Түсіпбеков


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі

_____________ С. Баймағанбетов


 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады