Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.05.19 N 191 және ҚР Ішкі істер министрінің 2011.03.18 N 118 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бірлескен бұйрығымен.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастыру және рецидивтi қылмыстардың алдын алу жөнiндегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының өзара iс-қимылы туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
2. Iшкi iстер министрлiгiнiң қоғамдық қауiпсiздiк, криминалдық полиция, көшi-қон полициясы, арнайы полиция, тергеу департаментiнiң, криминалдық ақпараттар орталығы-департаментiнiң, Астана және Алматы қалалары Iшкi iстер бас басқармаларының, облыстардағы және көлiктегi Iшкi iстер басқармаларының - iшкi iстер басқармаларының бастықтары:
1) мүдделi қызметтер жеке құрамының осы Нұсқаулықты оқып-үйренуiн және оны орындауын;
2) түзеу мекемелерiнiң сұрау салулары бойынша қалалық, аудандық iшкi iстер органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды тұрмыстық және еңбекпен қамту мүмкiндiгi және олардың таңдаған тұрғылықты жерлерiне қайта жетуi туралы ақпараттарды уақытында және толық берiп отыруын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - ҚАЖ) комитетi, ҚАЖ-дың органдары мен мекемелерi:
1) мүдделі қызметтер жеке құрамның осы Нұсқаулықты оқып-үйренуін және оны орындауын;
2) түзеу мекемелерiнiң қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдар және олардың таңдаған тұрғылықты жерлерiне кетуi туралы ақпараттарды уақытында және толық берiп отыруын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi И.Д.Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Iшкi iстер министрiнiң
2003 жылғы 31 наурыздағы N 164
Әдiлет министрiнiң
2003 жылғы 15 сәуірдегі N 66
бiрлескен бұйрығымен
бекітiлген
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының өзара iс-қимыл жасасу тәртібi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне дер кезiнде келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Қазақстан Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, оларды дер кезiнде тiркеу және есепке алу, құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыс жасауының алдын алу жөнiндегi профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында өзара iс-қимылының тәртiбiн реттейдi.
2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесi органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегі өзара iс-қимылы олардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерiн қатаң сақтауға негiзделедi.
3. Қазақстан Республикасының iшкi iстер және қылмыстық-атқару жүйесi органдарының өзара iс-қимылына:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дер кезiнде және толық ақпарат алмасу;
2) осы адамдарға қатысты алдын алу шараларын бiрлесіп жоспарлау және өткізу;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бiрлескен кеңес өткiзу, таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген адамдардың орналасқан жерiн анықтау жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру арқылы қол жеткiзiледi.
4. Өзара iс-қимыл жасасу кезiнде туындайтын өзге де мәселелер бiрлескен кеңестерде шешiмдер қабылдау немесе жоғары инстанцияларға ұсыныстар енгiзу жолымен шешіледi.
5. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкiмшiлiк қадағалау орнату мен оны жүзеге асыру жөнiндегi өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 4 тамыздағы N 436 бұйрығымен бекiтiлген, 2000 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде N 1270 болып тіркелген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкiмшiлiк қадағалау мен оны жүзеге асыру тәртiбi туралы нұсқаулықпен белгiленедi. Қараныз V050003505
2. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы ақпараттар әзiрлеуi және осы адамдарды iшкi істер органдарына жiберуi және олардың таңдаған тұрғылықты жерiне жетуiн бақылауы
6. Сотталғанды босатуға дайындау және iшкi iстер органдарына босатылған адамның таңдаған тұрғылықты жерiне кететiнi туралы хабарлау мақсатында түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi мынадай iс-шараларды орындайды:
1) сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспекторлар түзеу және тәрбие колонияларынан босатуға дейiн алты ай қалған уақыттан кешiктiрмей, бас бостандығынан айыру мерзiмi бiткенше:
босатылушы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiндегi жергiлiкті атқарушы органдарға және мемлекеттiк еңбекпен қамту қызметiне оның жақында босатылатыны, тұрғылықты үйiнiң бар-жоғы, еңбекке жарамдылығы мен мамандығы туралы хабарлайды;
босатылушы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiндегi қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына (бұдан әрi - ҚАIIО) босатылушы адамды тұрмыстық орналастыру мүмкiндiгi туралы сұрау салу жiбередi (Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 147 бұйрығымен бекiтiлген, 2001 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде N 1714 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 8-қосымша); Қараныз V040003228
2) жедел бөлiмдер - түзеу мекемесiнiң басқа да қызметтерiмен бiрге босатылатын адамдар туралы ақпарат жинау жөнiндегі iс-шараларды жүргiзедi, олар туралы қажеттi мәліметтердi өзi таңдаған тұрғылықты жерiндегi КАІІО-ға жолдайды;
3) режимдiк бөлiмдер - сотталғанның босатылуынан бiр ай бұрын оған ақпараттық-iздеу карточкасын (бұдан әрi - AIК) толтырады, содан соң суретiмен қоса таңдаған тұрғылықты жерi бойынша Астана және Алматы қалаларының iшкі iстер бас басқармаларының (бұдан әрi - IIББ), облыстардағы iшкі iстер бас басқармаларының, iшкi iстер басқармаларының (бұдан әрi - IIББ-IББ) қоғамдық қауiпсiздiк басқармаларына (бұдан әрі - ҚҚБ) жiбередi.
7. ҚАIIО-нан босатылатынның бұрынғы тұрған жерiне немесе таңдаған мекен-жайында тұратын жерi жоқ және туыстық байланыстары үзiлген себептi оны еңбекпен және тұрмыстық орналастыру мүмкiндiгi жоқ деген жауап келсе (жақын туыстарының қайтыс болуына; жақын туыстарына, отбасы мүшелерiне қатысты қылмыстық әрекет жасауына; некеден заңды түрде әйелiмен (күйеуiмен), ажырасуына; туыстары мен жақындарының тұрғын үй алаңын бергісі келмеуіне; туыстарының Қазақстанның басқа аймақтарына, Қазақстаннан тыс жерлерге, ТМД елдерiне қоныс аударуына; немесе өзге дәлелдi себептерге байланысты); белгiлi мекен-жайы жоқ адамдарды өз қалауы бойынша түзеу мекемесiнiң ауданындағы әлеуметтiк бейімдеу орталығына (бұдан әрi - Орталық) немесе басқа Орталыққа орналастырады.
Туыстық және әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандар өз келiсімдерi бойынша тәрбие колониясының орналасқан ауданындағы немесе бұрынғы тұрған жерiндегі Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейiмдеу және оңалту орталығына (одан әрi - КТУОБжА) жiберiледi.
Таңдаудың мақсатқа лайықтылығы және оны орналастыру мүмкiндiгiнiң бар-жоғы туралы тәрбие колониясының әкімшiлігi мен ҚАІІО-ның хат алмасумен анықталады.
8. Сотталған адамды босатуға кемiнде жиырма күн қалғанда түзеу мекемелерi олардың таңдаған тұрғылықты жеріндегі ҚАIIО-на хабарлама ( Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 147 бұйрығымен бекiтілген, 2001 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінде N 1714 тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 9-қосымша) жiбередi. Қараныз V040003228
Адам босатылған сәттен бастап бiр ай мерзiмде оны тiркеу және профилактикалық есепке алу туралы ҚАIIО-дан жауап келмесе, түзеу мекемелерi мұндай адамдар туралы ақпарат жинақтап, облыстық қылмыстық-атқару жүйесiне есеп беру айынан кейiнгi келесi айдың 3-не дейiн хабарлайды.
9. Денсаулығына байланысты үнемi күтiм қажет ететiн босатылатын адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерiне туыстарымен немесе оларды алып кетуге келген өзге адамдармен бiрге немесе түзеу мекемесiнiң қызметкерлерiмен бiрге жiберiледi.
10. Түзеу мекемесiнiң комиссиясы шешiмiмен мерзiм мен бұрын шартты түрде босатылуға ұсынылған сотталғанға қатысты хабарлама оның мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату туралы шешiм шығарған соттың мәжiлiсiнен кейiн бiр тәулiк мерзiм ішiнде тұрғылықты жерiндегi ҚАIIО-на жiберiледi.
11. Мекеме бастығы түзеу мекемесiнен тыс жерлерге шығуға (қысқа немесе ұзақ мерзiмдi) рұқсат берген сотталғанға қатысты хабарлама (жеделхат немесе телетайпограмма) кететiн жерлерiндегi ҚАIIО-да жiберiледi.
Сотталғанға суретi бар белгiленген үлгiдегi куәлiк (Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығымен бекiтiлген, 2001 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1720 тіркелген Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiбi ережесiне 7-қосымша) берiледi, онда демалыстың ұзақтығы және бару мен кері қайту бағыты көрсетiледi. Куәлiк демалыс кезiнде сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаты болып табылады. Демалысын өткiзу орнына келiп жеткен сотталған бiр тәулiк мерзiм iшiнде ҚАIIО-ның кезекшi бөлiмiне немесе учаскелiк полиция бөлiмшесiне келiп жеткенi туралы, ал жазасын өтеу орнына қайтар кезде кеткенi туралы белгі қойғызуы тиiс.
Сотталғандардың түзеу мекемелерiнен тыс жерлерге шығу негіздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес анықталады.
12. Түзеу мекемелерiнен босатылған сотталғандарға арнайы есепке алу бөлiмдерi (бөлiмшелерi) бекiтiлген нысандағы босатылғандығы туралы суретi бар анықтама береді; және тұрғылықты жерiне келiп жеткен соң он күн мерзiмде ҚАIIО-ның көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнде тiркелу қажеттiгін түсiндiредi.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және қандай да бiр себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды көшi-қон полициясы бөлiмшесiне хабарлама жiберу арқылы бұрынғы тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден мiндеттi түрде шығара отырып, түзеу мекемелерiнiң орналасқан жерiндегi iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясының бөлiмшелерi құжаттандырады.
Босату кезiнде паспорттар және жеке куәлiктер иелерiне жеке iс мұқабаларының iшкi жағына қолхат жазғызып, қайтарылады. Босату туралы анықтамалардың сыртқы жағында иесiне жеке басын куәландыратын құжаттардың қайтарылғаны туралы олардың нөмiрi мен дайындалған даталары көрсетіле отырып, жазба жасалады.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 306, ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 604 бірлескен бұйрығымен.
13. Арнайы есепке алу бөлiмдерi (бөлiмшелерi) қадағалаудағылардың босатылғаны туралы анықтамаларына "қадағалау бекiтiлдi" деген мөртабан қояды, ал сотты болудың формальды белгілерi бойынша "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы" Заңның әсерiне түсетiн, бiрақ әкiмшiлiк қадағалауға алынбаған адамдардың анықтамаларына "Қадағалауға жатады" деген мөртабан басылады.
14. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жүйке ауруларын емдейтiн ауруханасында емделу курсын аяқтамаған және босатылғаннан кейiн денсаулық сақтау органдарының жүйке ауруларын емдейтiн ауруханасына немесе туысқандарының немесе басқа заңды өкiлдердiң қамқорлығына берілетiн жүйке ауруымен ауыратын адамды босату туралы анықтама аурумен және оның жеке құжаттарымен бiрге аурухана әкiмшiлiгiне немесе қамқоршысына қолхат арқылы беріледi.
15. Диспансерлiк есептегi бiрiншi топтағы туберкулезбен ауыратын адамды босату туралы анықтамаға "Туберкулез" деген мөртабан қойылады, ал таңдаған тұрғылықты жерiндегi денсаулық сақтау органына хабарлама жiберіледi.
16. Босатылған тұрғылықты жерiне қалааралық темiр жолмен немесе автобуспен барған жағдайда түзеу мекемесi оны кету станциясына жеткiзудi қамтамасыз етедi.
17. Егер босатылған адамның жазасын өтеу кезеңiндегi мінез-құлқы оның түзелу жолына түскісі келмейтінін дәлелдесе және қоғамға қауiптi болып қала берсе, онда түзеу мекемесi дер кезiнде кету станциясынан келу станциясына дейiнгi жолда көрсетілген адамның мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi көлiктегi iшкi iстер басқармасына (бөлiмiне) осындай адамның көлiкпен кету күнi мен уақыты туралы хабарлама (қажет болған жағдайда жеделхат) жолдайды.
18. Облыстар және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармалары ҚАIIО-ның тиiстi есебiне алынбаған босатылған адамдар туралы түзеу мекемелерiнен түскен ақпаратты жинақтайды және ай сайын есеп беру айынан кейiнгi келесi айдың 5-не дейін қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне жiбередi.
19. Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi ай сайын Iшкiiсминiнiң Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiмен бiрге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және тұрғылықты жерiне келiп жеткен адамдардың санын тексередi; оларды профилактикалық есепке қою туралы хабарлама жiбермеген ҚАIIО туралы мәлiмет ұсынады; осындай адамдардың келiп жетуiне бақылау жасауды қамтамасыз етудегi өзара iс-қимылдың тиiмсiздiгiнiң себептерiн анықтайды және оларды жою жөнiнде iс-шаралар қабылдайды.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұрғылықты жерiне келiп жеткен адамдарды есепке алу, тіркеу және профилактикалық бақылау
20. Астана және Алматы қалаларының ІIББ, облыстардағы ІІББ-IIБ қоғамдық қауiпсiздiк басқармалары (бұдан әрi - ҚҚБ):
1) түзеу мекемелерiнен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамға ЖАА-АIК карточкасын алған соң "таңдаған тұрғылықты жерiне баратын адам" ретiнде келіп түскен ақпаратты деректер банкiне енгiзедi;
2) ҚАIIО-дан адамның бас бостандығынан айыру орындарынан таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жеткенi туралы хабарлама алған соң "таңдап алған тұрғылықты жерiне баратын адамға" бұрын түскен ақпаратты деректер банкiнен жояды;
3) адамның ҚАIIО-дан бас бостандығынан айыру орындарынан таңдап алған тұрғылықты жерiне келiп жетпегенi туралы хабарлама алған соң бұл адам туралы деректер банкiсiндегi ақпаратты "таңдап алған тұрғылықты жерiне баратын адам" санатынан "таңдап алған тұрғылықты жеріне келiп жетпеген адам" санатына ауыстырады;
4) адамның бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамада көрсетiлгеннен басқа жерге тұрақты тұруға келгенi туралы ҚАIIО-дан хабарлама алған соң, "ол туралы ақпаратты" таңдап алған тұрғылықты жерiнен басқа жерге келген адам ретiнде деректер банкiне енгiзедi, егер бұл адам туралы ақпарат деректер банкiне "таңдаған тұрғылықты жерiне баратын адам" немесе "таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген адам" ретiнде енгiзілсе, онда ол алынып тасталады;
5) таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның жүрген жері анықталған жағдайда учаскелiк инспекторда болатын оның жүрген жерiндегi ҚАIIО-ға ЖАА-АIК карточкасын жiберудi ұйымдастырады, сонымен қатар "таңдап алған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген адам" ретiндегi бұл адам туралы ақпарат деректер банкінен алынып тасталады;
6) таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген және таңдаған тұрғылықты жерiнен басқа жерге келген адамдар туралы деректер банкiнде құрылған ақпаратты ай сайын жинақтайды және олар туралы мәлiметтердi есеп беру айынан кейiнгi келесi айдың 5-iне дейiн Iшкiiсминiнiң Қоғамдық қауiпсiздік департаментiне жібередi.
21. ҚАIIО-ға келiп түскен түзеу мекемесiнiң босатылған адамды тұрмыстық және еңбекке орналастыру мүмкiндiгi туралы сұрау салуын (1-қосымша) ҚАIIО бастығы сұрау салуда көрсетiлген мекен-жай бойынша әкiмшiлiк учаскеге қызмет көрсететiн полицияның учаскелiк инспекторына (бұдан әрi - учаскелiк инспектор) береді.
22. Учаскелiк инспектор сұрау салуда көрсетiлген мекен-жайға өзi барады және тұрғын үй алаңының бар-жоғын, көрсетілген мекен-жай бойынша тұратын адамдардың босатылғанмен туыстық қатынасы мен қарым-қатынас сипатын анықтайды.
Сұрау салу түскен сәттен бастап он күн мерзiмде қалалық, аудандық iшкi iстер органдарының бастығы немесе оның орынбасары қол қойған босатылғанды тұрмыстық және еңбекке орналастыру мүмкiндiгi туралы жауапты түзеу мекемесiне жiбередi.
23. Босатылғанды бұрынғы тұрған жерi немесе таңдаған мекен-жайында тұратын жерi жоқ және туыстық байланыстары үзiлген себептi тұрмыстық орналастыру мүмкiндiгiн болмаған жағдайда (жақын туыстарының қайтыс болуына; жақын туыстарына, отбасы мүшелерiне қатысты қылмыстық әрекет жасауына; некеден заңды түрде әйелiмен (күйеуiмен), ажырасуына; туыстары мен жақындарының тұрғын үй алаңын бергiсi келмеуiне; туыстарының Қазақстанның басқа аймақтарына, Қазақстаннан тыс жерлерге, ТМД елдерiне қоныс аударуына; немесе өзге дәлелдi себептерге байланысты) бұл туралы учаскелiк инспектор ақпарат әзiрлеп, оған ҚАIIО бастығы қол қойғаннан кейiн түзеу мекемесiне жiбередi.
24. ҚAIIO түзеу мекемесiнен келiп түскен сотталғанның өзі таңдаған тұрғылықты жерiне кеткенi туралы хабарлама (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 147 бұйрығымен бекiтiлген, 2001 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1714 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 9-қосымша) көрсетiлген мекен-жай бойынша әкiмшiлiк учаскеге қызмет көрсететiн учаскелік инспекторға берiледi. Қараныз V040003228
25. Түзеу мекемесiнiң хабарламасын (2-қосымша) және облыстық (қалалық) IIББ-IIБ ҚҚБ-нан келiп түскен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның (бұдан әрi - босатылған адам) ЖАА-АIК карточкасын алған соң учаскелiк инспекторларға оның келiп жетуiн және тұрғылықты жерiне тiркелуiн бақылауды жүзеге асырады.
1) Босатылған адам таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жеткен жағдайда учаскелiк инспектор сауалнамалық және өзге де деректердi нақтылайды, қажет болған жағдайда осы адамға келiп түскен ЖАА-АIК карточкасына түзетулер енгiзедi, сонан соң оны облыстық (қалалық) IIББ-IIБ-нiң криминалдық ақпараттар орталығына (бұдан әрi - КАО) жiбередi, ол туралы деректер банкiндегi "таңдаған тұрғылықты жерiне баратын адамның" ақпаратын жою үшiн ІІББ-IIБ ҚҚБ-ға хабарлайды.
Сондай-ақ учаскелiк инспектор босатылған адамның тұрғылықты жерiне келгенi және тiркелгенi туралы хат әзiрлейдi, ҚАIIО бастығы қол қойғаннан кейiн оны хабарлама жіберген түзеу мекемесiне жiбередi.
2) Босатылған сәттен бастап он күн мерзiмде таңдаған тұрғылықты жерiне босатылған адам келiп жетпеген жағдайда учаскелiк инспектор бұл туралы ІІББ-IIБ-ның ҚҚБ-на хабарлама жiбередi.
3) Таңдаған тұрғылықты жерiне келiп жетпеген босатылған адамның жүрген жерi мен тiркелгенi анықталған жағдайда оның тұрғылықты жерi бойынша ҚАIIО учаскелiк инспектор iшкi iстер органы бастығы қол қойған осы адамның ЖАА-АIК карточкасын жібередi, бұл туралы карточканы жiберген ІІББ-IIБ ҚҚБ-ға хабарлайды.
4) Қызмет көрсететiн әкiмшiлiк учаскеде босатылғаны туралы анықтамада көрсетілген тұрғылықты жерден басқа жерге тұрақты тұруға келген босатылған адамдар анықталған жағдайда оны профилактикалық есепке алады, оған ЖАА-АIК карточкасын толтырады, оны облыстық (қалалық) IIББ-IIБ ҚАО-ға жiбередi, бұл туралы IIББ-IIБ ҚҚБ-ға хабарлайды.
Бұдан әрi бұрын өзi таңдаған тұрғылықты жерi бойынша ҚAIIО-нан осы адамға ЖАА-АIК карточкасы келiп түссе қажет болған жағдайда IIББ-IIБ ҚАО (ҚАБ) оған қойылған ЖАА-АIК карточкасына түзету парақшасын жiбередi, ал келiп түскен ЖАА-АIК карточкасын жояды.
26. Көшi-қон полициясының қызметкерлерi бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ресiмдеумен бiрге оларды тұрғылықты жерiне тiркеу жүргiзедi. Мұнда бас бостандығынан айыру орындарынан келген және тiркеуден өткен әр адамға белгіленген үлгiдегi есепке алу карточкасын (Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрығымен бекiтiлген, 2000 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1284 тiркеуiнен Iшкi iстер органдарымен Қазақстан Республикасы тұрғындарын құжаттандыру және тiркеу Ережесiн қолдану тәртiбi туралы нұсқаулыққа 7-қосымша) толтырады және осы адамдарды есепке алуды жүргiзедi, ал ҚАIIО басшылығына оның тiркелгенi туралы баянатпен баяндайды. ҚАIIО бастығының тиiстi нұсқауларын алған соң баянаттың бiр данасын көрсетiлген адам тiркелген аумаққа қызмет көрсететiн учаскелiк инспекторға, ал екiншiсi - ҚАІІО-ның криминалдық ақпарат бөлiмi (бөлiмшесiне, тобына) бередi.
Тұрғылықты жерiне келiп жеткен босатылған адам жеке куәлiгін немесе босатылғаны туралы анықтаманы жоғалтып алғаны туралы баяндаған жағдайда ҚАIIО түзеу мекемелерiнен босатылғаны туралы анықтаманың төлқұжатына және жеке куәлiгi туралы мәлiметтерге сұрау салады.
Сұрау салуға босатылған адамның екi фотосуретi қоса берiлуi керек.
Eгep босатылғаны туралы анықтамадан немесе оның төлқұжатынан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам босатылғаны туралы анықтамада көрсетiлген жерден басқа жерге келгенi көрiнiп тұрса, Көшi-қон полициясы департаментiне оған бұрын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi берілген-берілмегендiгi туралы сұрау салу жiберiледi, ал босатылғаны туралы анықтамада көрсетілген жер бойынша ішкі істер органына осы адамның келгені туралы хабарлама жiберіледi.
27. Қабылдап-тарату орындары, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындары кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейiмдеу және оңалту орталықтары, медициналық айықтырғыштар, iшкі iстер органдарының кезекшi бөлiмдерi әр түрлi құқық бұзушылықтары үшiн ұсталғандардың арасынан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылғаны туралы анықтамада көрсетілген тұрғылықты жерiнен басқа жерге келген адамдарды анықтайды, ол туралы баратын жерiндегi iшкi iстер органдарына ақпарат жiбередi.
28. Криминалдық полиция қызметi бас бостандығынан айыру орындарынан келген адамдардың, қылмыстық топ мүшелерiнiң қылмыстық байланыстары мен ойларын анықтайды, олардың ойлап және дайындап жатқан қылмыстарының алдын алуға және жасаған жағдайда оларды ашуға шаралар қабылдайды.
29. Тергеу және анықтау органдары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және таңдап алған тұрғылықты жерiнде тіркеуден өтпеген адамдар жасаған қылмыстарды тергеу кезiнде оларды қылмыс жасауға итермелеген себептер мен шарттарды анықтайды, көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерiндегi ҚAIIO бастықтарына олардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiн бақылауды және олармен профилактикалық жұмыс жүргiзудi қамтамасыз етудегі анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымхаттар енгiзедi.
30. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiне және таңдаған тұрғылықты жерiне келмеген адамдарды анықтауды бақылауды жүзеге асыру мақсатында ҚАIIО-ның қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшелерi тоқсанына кемiнде бiр рет криминалдық ақпарат орталықтарымен (бөлiмдерiмен, бөлiмшелерiмен, топтарымен) және ІIББ-IIБ көшi-қон полициясы бөлiмшелерiмен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға тiзiмдiк салыстырма тексерiс жүргiзедi.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тұрғылықты жерiне келмеу фактiлерiн анықтау кезiнде олардың жүрген жерлерiн анықтау жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
31. Қоғамдық қауiпсiздiк департаментi Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ комитетiмен бiрге ай сайын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және тұрғылықты жерiне келiп жеткен адамдардың санына салыстырма тексерiс жүргiзедi, сондай-ақ ҚАІІО-ға олардың тұрғылықты жерiне кеткенi туралы хабарлама жiбермеген түзеу мекемелерi туралы мәлiметтер ұсынады; осы адамдардың тұрғылықты жерiне келiп жетуiне бақылау жасауды қамтамасыз етудегi өзара iс-қимылдың тиiмсiздiгiнiң себептерiн анықтайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.