Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару
жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық жәрдемді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 109 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 176 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3631 болып тіркелген).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Әділет министрі
С. Қайырбекова Р. Түсіпбеков