Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық жәрдемді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 176, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 109 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3631. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 224 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 162 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 N 224 және ҚР Әділет министрінің 2011.04.27 N 162 Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару  кодексінің 97-бабына, "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде  азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы", " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын-алу мекемелерінде соматикалық аурулармен, туберкулезбен және психикалық ауытқулардан зардап шегетін сотталған науқастарға стационарлық медициналық көмек көрсету туралы ереже бекітілсін.
      2. Мынадай:
      1) "Психикалық ауытқулардан зардап шегетін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау және емдеуге арналған психиатриялық емхана туралы ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1716 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 170 және Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 890 бірлескен бұйрығымен өзгеріс енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2085 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 156 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1153  бірлескен бұйрығының ;
      2) "Психикалық ауытқулардан зардап шегетін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау және емдеуге арналған психиатриялық емхана туралы ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2085 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 156 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1153 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 170 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 890  бірлескен бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі С.М. Бекбосыновқа және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.А. Диқанбаеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Бас Прокуроры
      2005 жылғы 8 сәуір

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің      
2005 жылғы 8 сәуірдегі N 109 
және Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің 
2005 жылғы 13 сәуірдегі N 176 
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару
жүйесінің емдеу-алдын-алу мекемелерінде соматикалық аурулармен, туберкулезбен және психикалық ауытқулардан
зардап шегетін сотталған науқастарға стационарлық
медициналық көмек көрсету туралы
ереже

      1. Соматикалық, психикалық аурулармен ауыратын (бұдан әрі - науқастар) сотталғандарды стационарлық емдеуге жолдау кезінде, сотталған отырған мекеме бастығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен (бұдан әрі - Комитет) алдын-ала рұқсат (наряд) сұрайды. Диспансерлік есептің бірінші тобындағы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын сотталғандарды стационарлық емдеуге жолдау алдын-ала рұқсат алусыз (нарядсыз) Комитеттің бекітуі бойынша жүзеге асырылады.
 

      2. Сұрау салумен бірге сотталғанның медициналық құжаттарынан барлық ілеспелі аурулары көрсетілген толық шығару эпикризі және мекеменің медициналық бөлімі бастығының стационарлық емдеу қажеттілігі туралы қорытындысы жіберіледі. Қорытындыда аурудың барысы туралы дәлелдейтін анамнездік және клиникалық мәліметтер көрсетіледі. Психикалық ауруларды жібергенде мекеменің дәрігер-психиатрының стационарлық емдеу қажеттілігі туралы, сотталғанның бұрын психоневрологиялық диспансерде қаралуы, бұрын амбулаторлық немесе стационарлық сот-психиатриялық сараптама өткені туралы деректер қосымша жіберіледі.
      Ауруханаға жатқызуға науқастың келісім беруі міндетті ("Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  46-бабында белгіленген жағдайлардан басқа) ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда науқастан мекеме бастығының атына бас тартқаны туралы арыз алынады, ол сотталғанның ауру тарихында немесе амбулаторлық картасында сақталады. Егер науқас өзінің сырқатына байланысты өз жағдайын бағалай алмаған жағдайда, ауруханаға жатқызу медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
      Ауыр психикалық ауытқулары бар адамдарды тексеруге және емдеуге өз еркінен тыс ауруханаға жатқызуды оның келісімінсіз "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 29-32-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
 

      3. Соматикалық және туберкулез ауруымен бірге ауыратын науқастарды стационарлық емдеуге соматикалық ауруханаға немесе туберкулезге қарсы мекемеге жолдауды таңдау, негізгі ауру түрінің қаншалықты ауырлығы бойынша анықталады.
 

      4. Психикалық аурумен, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын сотталғандарды стационарлық емдеуге жолдағанда, олармен бірге міндетті түрде медициналық картамен жеке ісі жіберіледі.
      Стационарлық емделуді қажет ететін психикалық аурумен ауыратын сотталған науқастарда белсенді туберкулез анықталған жағдайда, емдеу курсы психиатриялық аурухананың инфекциялық изоляторында, туберкулезге қарсы емдеумен бірге жүргізіледі.
 

      5. Науқастарды стационарлық емдеуге тасымалдау оның жағдайы болмаған кезде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда жіберуші-органның медициналық қызметкерімен бірге жіберіледі. Еріп жіберудің қажеттілігін жіберуші-органның медициналық бөлімінің бастығы анықтайды. Психикалық аурумен ауыратын науқастар, алты айдан астам жүктілігі бар әйелдер міндетті түрде медициналық қызметкердің еріп жүруімен жолданады.
 

      6. Науқастар стационарлық емдеуге:
      1) жіберуші-органның медициналық бөлімі бастығының стационарлық емдеудің қажеттілігі туралы қорытындысы;
      2) дәрігер-психиатрдың психиатриялық ауруханада тексерілу мен емделудің қажеттілігі туралы қорытындысы;
      3) Комитеттің рұқсаты (наряды);
      4) сотталғанның медициналық құжаттамалары, жеке қаржысының болуына қаражаттық анықтамасы бар, бұның негізінде бухгалтерия бірінші кезектегі қажетті заттарды алуға жеке есеп шотын ашады, жеке ісі болған жағдайда ғана орналастырылады.
 

      7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің  168-бабына сәйкес жазасын өтеуден босатылуға жататын сотталғандар, босату туралы соттың шешімі шығарылған соң, олар осыған дейінгі ұсталған түзеу мекемесіне қайта жіберілмейді. Олар аумақтық денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-алдын-алу ұйымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
 

      8. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-алдын-алу ұйымдарына жатқызылғандарды күзету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

      9. Сотталғандарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан емдеу-алдын-алу мекемелеріне ауыстыру Комитеттің бекітуі бойынша жүргізіледі.
 

      10. Жыныс (венерологиялық), паразитарлық және инфекциялық (туберкулезден басқа) аурулармен ауыратын науқастар емдеумен негізгі ұстау орны бойынша қамтамасыз етіледі.
 

      11. Ауру әйелдер мен еркек және әйел жынысты жасөспірімдерді ауруына байланысты жазасын өтеуден босату үшін Арнайы медициналық комиссияның куәландыруы және материалдарды сотқа ұсыну, оларды ұстау орны бойынша жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады