Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылуы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (А.А. Аманқабжан) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрық көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 523 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1) «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдерін салымдар немесе карт-шот бойынша шотқа олардың сомаларын аудару жолымен Қазақстан Халықтық банкі филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері төлеуінің Уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 15 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 616 болып тіркелген).
      2) «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген).
      3) «№ 884 тіркелген «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1900 болып тіркелген, 2002 жылғы «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналының № 33 нөмірінде жарияланған).
      4) «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2250 болып тіркелген).
      5) «№ 2250 тіркелген «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 18 желтоқсанда № 51 (208) нөмірінде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 523

      В соответствии со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан (Аманкабжан А.А.) в недельный срок направить копию приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр                                    Б. Жамишев

Приложение          
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан    
от 29 ноября 2012 года № 523

Перечень некоторых приказов Министра финансов
Республики Казахстан, утративших силу

      1) Приказ Департамента казначейства Министерства финансов Республики Казахстан от 15 июля 1998 года № 325 «Дополнения и изменения № 1 к Временному порядку выплаты Филиалами и структурными подразделениями Народного Банка Казахстана заработной платы и других денежных выплат работникам бюджетных организаций путем зачисления их суммы на счета по вкладам или карт-счета» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 616).
      2) Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 1999 года № 396 «Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 884).
      3) Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 июня 2002 года № 266 «О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 1999 года № 396 «Об организации работ по определению Первичных Дилеров на рынке государственных ценных бумаг» зарегистрированный за № 884»  (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1900, опубликованный в журнале «Бюллетень нормативных правовых актов центральных исполнительных к иных государственных органов Республики Казахстан» № 33).
      4) Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года № 135 «Об утверждении Инструкции по заполнению форм финансовой информации. Инструкции по проведению анализа деятельности государственных предприятий и Инструкции по определению основных показателей эффективности деятельности негосударственных юридических лиц с участием государства в уставном капитале» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №  2250).
      5) Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 сентября 2004 года № 348 «О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года № 135 «Об утверждении Инструкции по заполнению форм финансовой информации. Правил проведения анализа деятельности государственных предприятий и Правил определения основных показателей эффективности деятельности негосударственных юридических лиц с участием государства в уставном капитале», зарегистрированный за № 2250» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3154, опубликованный в газете «Официальная газета» от 18 декабря 2004 года № 51 (208)).