Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2250. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнің 2012.11.29 № 523 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .

      Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық және оған қоса беріліп отырған қаржылық ақпарат нысандары:
      1-нысан: "Базалық көрсеткіштер" (1-қосымша);
      2-нысан: "Айналым балансы" (2-қосымша);
      3-нысан: "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" (3-қосымша);
      4-нысан: "Ақшаның қозғалысы туралы есеп" (4-қосымша);
      5-нысан: "Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп" (5-қосымша);
      6-нысан: "Еңбек жөніндегі есеп" (6-қосымша);
      7-нысан: "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру мен сату туралы есеп" (7-қосымша);
      8-нысан: "Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян)" (8-қосымша);
      9-нысан: "Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба" (9-қосымша)";
      2) Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      3) Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .
      2. "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 182  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік емес мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың директорлар кеңесіндегі мемлекеттік өкілдермен қаржылық ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы М.С.Рахановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
02 cәуірдегі 2003 жылғы  
N 135 бұйрығымен     
бекітілген        

  Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық және қаржылық ақпарат нысандары мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды арттыру мақсатында әзірленді.

  2. 1-нысан "Базалық көрсеткіштер" (1-қосымша)

      2. 1 "Заңды тұлғаның толық атауы" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес заңды тұлғаның толық атауы толтырылады.

      3. 2 "ID-код (бірегей сәйкестендіру коды)" жолы бойынша - Мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және мемлекеттің қатысу үлесі бар шаруашылық серіктестіктердің Мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдармен иеленеді.

      4. 3 "Ұйымдық-құқықтық нысан" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.

      5. 4 "Толық почталық (заңды) мекен-жайы" жолы бойынша - индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше (шағын аудан), үй (егер заңды тұлға шетелде орналасса - елі) толтырылады.

      6. 5 "Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша және 6 "Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік қайта тіркелген күні" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.

      7. 7 "Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі" жолы бойынша және 8 "Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік қайта тіркеу нөмірі" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.
      8. 9 "СТН" жолы бойынша - Салық төлеушінің куәлігіне сәйкес толтырылады.

      9. 10 "Басқару органының (мемлекеттік орган немесе заңды тұлға) атауы" жолы бойынша иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган - акционерлік қоғамдар үшін (мемлекеттік басқару органы - мемлекеттік кәсіпорындар үшін), не мемлекеттік мүлік сенімгерлік басқаруға берілген заңды немесе жеке тұлға көрсетіледі.
      10. 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-жолдарды акционерлік қоғамдар толтырады.

      11. 11 "Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша және 12 "Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша - уәкілетті орган эмиссия тіркеуге сәйкес эмиссия күні толтырады.

      12. 13 "Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі" жолы бойынша және 14 "Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркеу күні" жолы бойынша - Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлікке сәйкес эмиссия нөмірі толтырылады.

      13. 15 "Акциялардың саны, барлығы" жолы бойынша - Қоғамның жарғысына сәйкес акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.

      14. 15.1 "қарапайым акциялар" жолы бойынша - қарапайым акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.

      15. 15.2. "артықшылығы бар акциялар" жолы бойынша - артықшылығы бар акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.

      16. 16 "Бір акцияның атауы" жолы бойынша - Қоғамның жарғысына сәйкес бір акцияның номиналдық құны толтырылады.

      17. 17 "Акциялардың мемлекеттік пакеті (дана)" жолы бойынша - мемлекетке тиесілі акциялардың саны (дана) толтырылады.

      18. 18 "Акциялардың соңғы эмиссиясын тіркеуші жөніндегі деректер (тіркеушінің атауы, мекен-жайы, лицензияның нөмірі, байланыс телефоны)" - тіркеушінің толық атауы, заңды мекен-жайы, лицензияның нөмірі мен байланыс телефонының нөмірі толтырылады.

      19. 19 "ЖШС-тың жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлес, (%)" құрылтайшылық құжаттарға сәйкес толтырылады.
      20. 20 "Басшының лауазымы" штат кестесіне сәйкес толтырылады.
      21. 21, 22 және 23 жолдар бойынша. Тегі, аты және әкесінің аты толық толтырылады.
      22. 24, 25 және 26 жолдар бойынша. Міндетті түрде елді мекеннің коды толтырылады.
      23. 27 "Электрондық мекен-жайы (e-mail)" жолы бойынша - кәсіпорынның электрондық почтасының мекен-жайы толтырылады.

  3. 2 "Айналым балансы" нысаны (2-қосымша)

      24. Міндетті түрде қорытынды сомалар 2 "Айналым балансы" нысанының (бұдан әрі - айналым балансы) бөлімдері мен бөлімшелері бойынша есептеледі.

      25. Айналым балансының 10, 12, 14, 20, 21, 22, 30, 32, 33, 34, 35, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 51 және 52-бөлімшелеріндегі шоттар бойынша сальдо дебет бойынша көрсетіледі, көрсетілген бөлімдер мен бөлімшелердің шоттарында кредиттік сальдо пайда болған жағдайда, осы сома "минус" белгісімен дебет бойынша көрсетіледі.

      26. 6 бөлім мен 11, 13, 31, 53, 54, 55 және 56-бөлімшелердегі шоттар бойынша сальдо кредит бойынша көрсетіледі, көрсетілген бөлімдер мен бөлімшелердің шоттарында дебеттік сальдо пайда болған жағдайда, ол "минус" белгісімен кредит бойынша көрсетіледі.

      27. Айналым балансының барлық шоттары бойынша айналымдар толық түрде көрсетіледі, яғни дебеттік және кредиттік айналымдар толтырылады. Айналым балансының 7, 8 және 9-бөлімдердегі шоттар бойынша есептік кезең үшін айналымдар міндетті түрде толтырылады, бұл ретте, шоттар міндетті түрде жабылады, яғни бұл шоттар бойынша сальдо жоқ.

      28. Баланс валютасының есепті кезеңінің басындағы және аяғындағы дебеттік сальдо 11, 13 және 31-бөлімшелердің кредит сальдосының сомасын азайтып, 1, 2, 3 және 4-бөлімдердің дебет сальдосының сомасын қосу жолымен есептеледі, яғни баланс - нетто.

      29. Баланс валютасының есепті кезеңінің басындағы және аяғындағы кредит сальдосы 51 және 52-бөлімшелердің дебет сальдосының сомасын азайтып, айналым балансының 5 және 6-бөлімдерінің сомасын қосу жолымен есептеледі, яғни баланс-нетто.

      30. Баланс валютасының дебеттік және кредиттік айналымдары тиісінше дебет бойынша және кредит бойынша айналым балансының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бөлімдерінің сомаларын қосу жолымен есептеледі.
      31. 1, 2, 3, 4, 5 және 6-бөлімдердің шоттарында ұйымның құрылымдық бөлімшелері (өкілдіктері, филиалдары) мен орталық аппарат арасында ішкі айналымдар көрсетілмеуі тиіс.

      32. "Анықтамалық * " кестесінің А бөліміндегі "Шектеулі" бағанында есепті кезең үшін билік етуге шектеулі мүліктердің құны көрсетіледі. "Өндіріп алынғаны" бағанында есепті кезең үшін салық органдары өндіріп алған мүліктердің құны көрсетіледі. "Алынғаны" бағанында есепті кезең үшін билік етудегі шектеу алынған мүліктің құны көрсетіледі. Есепті кезеңнің аяғына сальдо өндіріп алынған және шектеу алынған мүлік құнын азайтып, есепті кезеңнің басындағы сальдо мен билік ету шектелген мүліктің сомасын қосу жолымен есептеледі.
      33. "Анықтамалық * " кестесінің "Б" бөліміндегі есепті кезең аяғындағы сальдо төленген және шақырып алынған инкассолық өкімдер сомасын азайтып есепті кезеңнің басындағы сальдо мен қойылған инкассолық өкімдер сомасын қосу жолымен есептеледі.
      34. "Анықтамалық * " кестесінің "В" бөлімінде есепті кезең үшін сот шешіміне сәйкес кредиторлардың талабы бойынша алынған мүліктің сомасы көрсетіледі.

  4. 3 "Кірістер мен шығыстар туралы есеп"
нысаны (3-қосымша)

      35. 1 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс" жолы бойынша айналым балансының 70-бөлімшесіндегі несиелік айналымның сомасы көрсетіледі.
      36. 2 "Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" жолы бойынша айналым балансының 80-бөлімшесі дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.

      37. 4 "Кезеңнің шығыстары, оның ішінде" жолы бойынша 4.1, 4.2, 4.3-жолдарының жалпы сомасы көрсетіледі. 4.1-жол бойынша 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі, 4.2-жол бойынша 811 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізу байланысты шығыстар" шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі, 4.3-жол бойынша 831 "Сыйақы түріндегі шығыстар" шотының айналым балансының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі.

      38. 6 "Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс (шығыс)" жолы бойынша айналым балансының 72-бөлімшесінің кредиттік айналым сомасы мен айналым балансының 84-бөлімшесінің дебеттік айналым сомасы арасындағы айырмашылық сомасы көрсетіледі.

  5. 4 "Ақша қозғалысы туралы есеп"
нысаны (4-қосымша)

      39. "Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы" Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3  қаулысымен  бекітілген N 4 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес тікелей әдіспен толтырылады.

      40. "Есепті кезеңнің басындағы ақша" жолы бойынша айналым балансының 41 "Жолдағы ақша", 42 "Банктердегі арнаулы есеп шоттардағы ақша", 43 "Валюталық шоттағы ақшалар", 44 "Есеп айырысу шотындағы ақшалар" және 45 "Кассадағы қолға берілетін ақшалар" бөлімшелерінің есепті кезең басындағы дебеттік сальдо сомасы көрсетілді. "Есепті кезеңнің аяғындағы ақшалай қаражат" жолы бойынша айналым балансының 41 "Жолдағы ақша", 42 "Банктердегі арнаулы есеп шоттардағы ақша", 43 "Валюталық шоттағы ақшалар", 44 "Есеп айырысу шотындағы ақшалар", 45 "Кассадағы қолға берілетін ақшалар" бөлімшелерінің есепті кезеңнің аяғындағы дебеттік сальдоның сомасына тең болуы тиіс "Жиыны: ақшаның артуы (+)/азаюы (-)" және "Есепті кезеңнің басындағы ақша" жолдарының сомалары көрсетіледі.

  6. 6 "Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп"
нысаны (5-қосымша)

      41. 1 "Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы" жолы бойынша 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27 жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 821 шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі. 1.7 жолы бойынша 1.7.1 және 1.7.2. жолдарының сомасы көрсетіледі.

      42. 2 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді), барлығы" жолы бойынша 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11 және 2.12 жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 811 шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі. 2.7 жолы бойынша 2.7.1 және 2.7.2. жолдарының сомасы көрсетіледі.

      43. 3 "Сыйақы түріндегі шығыстар" жолы бойынша 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4. жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 831 айналым шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі.

  7. 6 "Еңбек бойынша есеп" нысаны (6-қосымша)

      44. 1 "Қызметкерлердің саны және жалақы қоры" бөлімі есепті кезең үшін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 шілдедегі №N 38-Г  бұйрығымен  бекітілген Еңбек бойынша статистикалық есептемені толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырылады.
      45. 2 "Еңбекке ақы төлеу" бөлімі есепті кезең үшін толтырылады.
      46. 001 "Есепті кезең үшін басындағы жалақы бойынша берешек" жолы бойынша айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең басындағы кредиттік сальдоның сомасы көрсетіледі.

      47. 002 "Есепті кезең үшін есептелгені" жолы бойынша айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең үшін кредиттік айналымның сомасы көрсетіледі.
      48. 003 "Ұсталғаны, барлығы" жолы бойынша 004, 005, 006-жолдардың сомасы көрсетіледі.

      49. 007 "Есепті кезең үшін төленгені, барлығы" жолы бойынша 008, 009-жолдардың сомасына тең болуы тиіс зейнеткерлік жарналар, жеке табыс салығы мен өзгелер бойынша ұсталған сомаларды азайтып, айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең үшін дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.

      50. 010 "Есепті күнге сальдо (қалдық)" жолы бойынша 003 және 007-жолдардың сомасын азайтып 001 және 002-жолдардың сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең соңына кредиттік сальдоның сомасы көрсетіледі.

  8. 7 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді) өндіру мен сату туралы есеп" 
нысаны (7-қосымша)

      51. 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4 және 2.5-жолдар бойынша өнімдердің негізгі түрлері толтырылады, әр жол бойынша өлшеу бірлігі жақшаның ішінде толтырылады.
      52. 1.6 және 2.6-жолдар бойынша өнімнің өзге түрлері толтырылады, бұл ретте, 4, 6, 8 және 10-бағандар бойынша ғана деректер көрсетіледі, яғни құндық тұлғалануында.

      53. 1 "Дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің) өндірілгені" жолы бойынша 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6-жолдардың сомасы көрсетіледі. Міндетті түрде өндірілген өнімдердің барлық түрі көрсетіледі. Бұл ретте, өнім түрлерінің жолдары бойынша және 4, 6, 8, 10-бағандар бойынша өзіндік құны көрсетіледі, яғни 221 "Дайын өнім" шотының дебеттік айналымы. Егер аяқталмаған өндірістің өнімдерінің өндірілуі көрсетілсе, жеке жолмен аяқталмаған өндіріс өнімдерінің атауы, өлшем бірлігі, саны және сомасы көрсетілсін. Егер жұмыстар мен қызметтер жүзеге асырылса, онда 80 "Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны, барлығы бөлімшелер бойынша" бөлімшесі шоттарының дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.

      54. 2-жол бойынша 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5 және 2.6-жолдардың сомасы көрсетіледі. Міндетті түрде сатылған өнімдердің барлық түрлері көрсетіледі. Бұл ретте, өнім түрлерінің жолдары бойынша және 4, 6, 8, 10-бағандар бойынша сатылуы көрсетіледі, яғни 701 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс" шотының несиелік айналымы.
      55. Қажеттілік болған кезде қосымша жолдар қосылады.

  9. 8 "Бөлінбеген кіріс(жабылмаған зиян)
қозғалысы туралы есеп"
 нысаны (8-қосымша)

      56. 1 "Жылдың басындағы сальдо" жолы бойынша айналым балансының 562 "Алдағы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шотының есепті кезең басындағы сальдо көрсетіледі.

      57. 2 "Есепті кезең үшін алынған таза табыс (шығын)" жолы бойынша 3 "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" нысанының 11 "ТАЗА ТАБЫС (ШЫҒЫН)" жолының сомасы көрсетіледі.
      58. 3 "Бөлінбеген кірісті басқа да арттырулар, барлығы" жолы бойынша 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8, 3.9 және 3.10-жолдардың сомасы көрсетіледі.
      59. 4 "Жиыны" жолы бойынша 2 және 3-жолдардың сомасы көрсетіледі.

      60. 5 "________ __________ кезең ішінде қызмет қорытындылары бойынша есептелген дивидендтер (таза табыстың бөлігі РМК үшін)" жолы бойынша 62 "Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша есеп айырысу, бөлімшелер бойынша барлығы" бөлімшесінің кредиттік айналымы көрсетіледі.
      61. 6 "Бөлінбеген кірісті басқа да азайтулар, барлығы" жолы бойынша 6.1, 6.2, 6.3, 6.4, 6.5, 6.6, 6.7, 6.8, 6.9 және 6.10-жолдардың сомалары көрсетіледі.
      62. 7 "Жиыны" жолы бойынша 5 және 6-жолдардың сомасы көрсетіледі.
      63. 8 "Жыл соңындағы сальдо" жолы бойынша 561 және 562-шоттар бойынша жыл аяғындағы сальдомен тең болуы тиіс 7-жолды шегеріп 1 және 4-жолдардың сомалары көрсетіледі.

  10. 9 "Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба"
нысаны (9-қосымша)

      64. Түсіндірме жазбада ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтері операцияларының ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы    
                                            Қаржы Министрінің       
                                          2003 жылғы 2 сәуірдегі    
                                        N 135 бұйрығымен бекітілген 
                                             Қаржылық ақпарат       
                                            нысандарын толтыру      
                                           жөніндегі нұсқаулыққа    
                                                 1-қосымша          
 
                                                  1-нысан    

                     Базалық көрсеткіштер

                   20 ____жылғы 01______ арналған
___________________________________________________________________
 N  |    Көрсеткіштің  атауы                  |    Ақпарат
___________________________________________________________________
 1   Заңды тұлғаның толық атауы
 2   ID-коды (бірегей сәйкестендіру коды)
 3   Ұйымдық-құқықтық нысан
 4   Толық почталық (заңды) мекен-жайы
 5   Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік
     тіркелген күні
 6   Заңды тұлғаның соңғы рет мемлекеттік
     қайта тіркелген күні
 7   Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік
     тіркеу нөмірі
 8   Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік
     қайта тіркеу нөмірі
 9   СТН
10   Басқару органының (мемлекеттік орган
     немесе заңды тұлға) атауы
11   Акциялар эмиссиясының бастапқы
     мемлекеттік тіркелген күні *
12   Акциялар эмиссиясының соңғы
     мемлекеттік тіркелген күні
13   Акциялар эмиссиясының бастапқы
     мемлекеттік тіркеу нөмірі
14   Акциялар эмиссиясының соңғы
     мемлекеттік тіркеу нөмірі
15   Акциялардың саны, барлығы
     оның ішінде
15.1 жай акциялар
15.2 артықшылығы бар акциялар
16   Бір акцияның атауы, теңге
17   Акциялардың мемлекеттік пакеті
     (дана)
18   Акциялардың соңғы эмиссиясын
     тіркеуші жөніндегі деректер
     (тіркеушінің атауы, мекен-жайы,
     лицензия нөмірі, байланыс телефоны)
19   ЖШС-тың жарғылық капиталындағы
     мемлекеттік үлес, (%) **
20   Басшының лауазымы
21   Басшының тегі, аты-жөні
22   Бас бухгалтердің тегі, аты-жөні
23   Жауапты орындаушының тегі, аты-жөні
24   Басшының телефоны (елді мекеннің коды)
25   Бас бухгалтердің телефоны (елді
     мекеннің коды)
26   Жауапты орындаушының телефоны
     (елді мекеннің коды)
27   Электронды мекен-жайы (e-mail)
___________________________________________________________________

       Басшы                       ____________________________
                                             қолы ***
      Бас бухгалтер               ____________________________
                                             қолы ***
      Жауапты орындаушы           ____________________________
                                             қолы ***

       11-18-тармақтарды тек АҚ толтырады
       **  19-тармақты тек ЖШС толтырады
       ***   Қолдар мөрмен бекітіледі

                                       Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы Министрінің
                                       2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                     N 135 бұйрығымен бекітілген
                                     Қаржылық ақпарат нысандарын
                                     толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                              2-қосымша          
 
                                               2-нысан    

                        Айналым балансы

      Заңды тұлғаның атауы
      ____жылғы 01______ бастап ____ жылғы  01_______  кезеңі

      мың теңге
____________________________________________________________________
Шоттың|      Шоттың атауы         |  Есепті    | Есепті |  Келесі
 коды |                           | кезеңнің   | кезең  | кезеңнің
      |                           |басталу күні| үшін   |  басталу
      |                           |            |        |   күні
      |                           |____________|айналым.|___________
      |                           |  сальдо    |  дар   |  сальдо
____________________________________________________________________
                                  |  Д-т | К-т |Д-т |К-т| Д-т | К-т
____________________________________________________________________
1 бөлім. АЙНАЛЫМНАН ТЫС АКТИВТЕР,
         Бөлім бойынша жиыны
____________________________________________________________________
10      Материалдық емес активтер,
        бөлімше бойынша барлығы
   101  Лицензиялық келісімдер
   102  Бағдарламалық қамтамасыз
        ету
   103  Патенттер
   104  Ұйымдастыру шығындары
   105  Гудвилл
   106  өзге де материалдық емес
        активтер
11      Материалдық емес активтер.
        дің амортизациясы, бөлімше
        бойынша барлығы
   111  МЕА амортизациясы -
        Лицензиялық келісімдер
   112  МЕА амортизациясы -
        Бағдарламалық қамтамасыз
        ету
   113  МЕА амортизациясы -
        Патенттер
   114  МЕА амортизациясы -
        Ұйымдастыру шығындары
   115  МЕА амортизациясы - Гудвилл
   116  МЕА амортизациясы - өзге
        де материалдық емес активтер
12      Негізгі қаражат, бөлімше
        бойынша барлығы
   121  Жер
   122  Ғимараттар мен құрылыс-
        жайлары
   123  Машиналар мен құрал-жабдық.
        тар, қосалқы тетіктер
   124  Көлік құралдары
   125  өзге де негізгі қорлар
   126  Аяқталмаған құрылыс
13      Негізгі қорлардың тозуы,
        бөлімше бойынша барлығы
   131  Ғимараттар мен құрылыс-
        жайларының тозуы
   132  Машиналар мен құрал-жабдық.
        тардың, қосалқы тетіктердің
        тозуы
   133  Көлік құралдарының тозуы
   134  өзгеде негізгі қорлардың
        тозуы
14      Инвестициялар, бөлімше
        бойынша барлығы
   141  Еншілес ұйымдарға
        инвестициялар
   142  Тәуелді ұйымдарға
        инвестициялар
   143  Бірлесіп бақыланатын заңды
        тұлғаларға инвестициялар
   144  Жылжымайтын мүлікке
        инвестициялар
2 бөлім. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР,
        бөлім бойынша жиыны
20      Материалдар, бөлімше бойынша
        барлығы
   201  Шикізат пен материалдар
   202  Сатып алынатын жартылай
        фабрикаттар және құрамдық
        заттар, конструкциялар мен
        тетіктер
   203  Отын
   204  Ыдыс және ыдыстық заттар
   205  Қосалқы бөлшектер
   206  өзге де материалдар
   207  өңдеуге берілген материалдар
   208  Құрылыс материалдары мен
        басқалар
21      Аяқталмаған өндіріс, бөлімше
        бойынша барлығы
   211  Негізгі өндіріс
   212  өзінде өндірілген жартылай
        фабрикаттары
   213  Көмекші өндіріс
22      Тауарлар, бөлімше бойынша
        барлығы
   221  Дайын өнім
   222  Алынған тауарлар
   223  өзге де тауарлар
3 бөлім. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЖӘНЕ
        БАСҚА ДА АКТИВТЕР,
        Бөлім бойынша жиыны
30      Сатып алушылар мен тапсырыс
        берушілердің берешегі,
        бөлімше бойынша барлығы
   301  Алуға арналған есептеулер
   302  Алынған вексельдер
   303  Сатып алушылар мен тапсырыс
        берушілердің басқа да
        берешегі
31      Күдікті талаптар жөніндегі
        резервтер, бөлімше
        бойынша барлығы
32      Сабақтас (тәуелді) ұйым.
        дардың дебиторлық берешегі,
        бөлімше бойынша барлығы
   321  Сабақтас ұйымдардың
        дебиторлық борышы
   322  Тәуелді ұйымдардың дебитор.
        лық борышы
   323  Бірлесіп бақыланбалы заңды
        тұлғалардың борышы
33      өзге де дебиторлық борыш,
        бөлімше бойынша барлығы
   331  Орнын толтыруға ҚҚС
   332  Есептелген сыйақылар
   333  Қызметкерлер мен басқада
        тұлғалардың борышы
   334  өзге де дебиторлық борыш
34      Алдағы кезеңдердің
        шығындары, бөлімше бойынша
        барлығы
   341  Сақтандыру полисі
   342  Жалдау ақысы
   343  Алдағы кезеңдердің өзгеде
        шығындары
35      Берілген аванстар, бөлімше
        бойынша барлығы
   351  ТМҚ жеткізу үшін берілген
        аванстар
   352  Орындалған жұмыстар мен
        көрсетілген қызметтер
        үшін берілген аванстар
   353  өзге де берілген аванстар
4 бөлім. ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
         ЖӘНЕ АҚШАЛАР,
         Бөлім бойынша жиыны
40      Қаржылық инвестициялар,
        бөлімше бойынша барлығы
   401  Акциялар
   402  Облигациялар
   403  өзге де қаржылық
        инвестициялар
41      Жолдағы ақша, бөлімше
        бойынша барлығы
42      Банктердегі арнаулы
        есепшоттардағы ақша,
        бөлімше бойынша барлығы
   421  Аккредитивтердегі ақша
   422  Чек кітапшаларындағы ақша
   423  Банктердегі арнаулы
        шоттарындағы ақша
   424  Банктердегі өзге де
        шоттарындағы ақша
43      Валюталық шоттағы
        ақшалар, бөлімше бойынша
        барлығы
   431  Ел ішіндегі валюталық
        шоттағы ақшалар
   432  Шетелдегі валюталық
        шоттағы ақшалар
44      Есеп айырысу шотындағы
        ақшалар, бөлімше бойынша
        барлығы
45      Кассадағы қолға берілетін
        ақшалар, бөлімше бойынша
        барлығы
   451  Кассадағы ұлттық валюта.
        мен қолға берілетін
        ақшалар
   452  Кассадағы шетелдік
        валютамен қолға
        берілетін ақшалар
5 бөлім. ӨЗІНДІК КАПИТАЛ,
        Бөлім бойынша жиыны
50      Жарғылық капитал,
        бөлімше бойынша барлығы
   501  Қарапайым акциялар
   502  Артықшылығы бар акциялар
   503  Салымдар мен пайлар
51      Төленбеген капитал,
        бөлімше бойынша барлығы
52      Қайтарып алынған капитал,
        бөлімше бойынша барлығы
53      Төленген қосымша капитал,
        бөлімше бойынша барлығы
54      Төленбеген қосымша
        капитал, бөлімше бойынша
        барлығы
   541  Негізгі қорларды қайта
        бағалаудан алынатын
        төленбеген қосымша капитал
   542  Инвестицияларды қайта
        бағалаудан алынатын
        төленбеген қосымша капитал
   543  өзге де активтерді қайта
        бағалаудан алынған
        қосымша төленбеген капитал
55      Резервтік капитал,
        бөлімше бойынша барлығы
   551  Заңмен белгіленген
        резервтік капитал
   552  өзге де резервтік капитал
56      Бөлінбеген кіріс
        (жабылмаған зиян),
        бөлімше бойынша барлығы
   561  Есепті жылдың бөлінбеген
        кірісі (жабылмаған зиян)
   562  Алдағы жылдардың
        бөлінбеген кірісі
        (жабылмаған зиян)
57      Жиынтық кіріс (зиян),
        бөлімше бойынша барлығы
6 бөлім. МІНДЕТТЕМЕЛЕР,
         Бөлім бойынша барлығы
60      Қарыздар, бөлімше
        бойынша барлығы
   601  Банктердің қарыздары
   602  Банктен тыс мекемелер.
        дің қарыздары
   603  өзгелер
61      Алдағы кезеңдердің
        кірістері, бөлімше
        бойынша барлығы
62      Қатысушылардың дивиденд.
        тері мен кірістері
        бойынша есептеулер,
        бөлімше бойынша барлығы
   621  Жай акциялар бойынша
        есеп айырысу
   622  Артықшылықты акциялар
        бойынша есеп айырысу
   623  Қатысушылардың кірістері
        бойынша есептесу
63      Бюджетпен есептесу,
        бөлімше бойынша барлығы
   631  Төлеуге салынатын
        корпоративті табыс салығы
   632  Кейінге қалдырылған
        корпоративті табыс салығы
   633  ҚҚС
   634  Акциздер
   635  Әлеуметтік салық
   636  Жер салығы
   637  Мүлікке салынатын салық
   638  Көлік құралдарына салық
   639  өзге де салықтар, алымдар
        және бюджетке төленетін
        міндетті төлемдер
64      Еншілес (тәуелді)
        ұйымдарға кредиторлық
        борыш, бөлімше бойынша
        барлығы
   641  Еншілес ұйымдарға борыш
   642  Тәуелді ұйымдардың
        қарыздары
   643  Бірлесіп бақыланбалы заңды
        тұлғалар борыш
65      Кепілдіктер мен шартты
        міндеттемелер, бөлімше
        бойынша барлығы
   651  Кепілдікті міндеттемелер
   652  Шартты міндеттемелер
66      Алынған аванстар, бөлімше
        бойынша барлығы
   661  ТМҚ бергені үшін алынған
        аванстар
   662  Жұмыстар және көрсетілген
        қызметтерді орындағаны
        үшін алынған аванстар
   663  Алынған өзге де алынған
        аванстар
67      Берушілермен және
        мердігерлермен есеп
        айырысулар, бөлімше
        бойынша барлығы
   671  Төлеуге шоттар
68      өзге де кредиторлық борыш
        және есептеу, бөлімше
        бойынша барлығы
   681  Еңбекақысы бойынша
        қызметкермен есеп айырысу
   682  Лауазымды тұлғаларға
        борыш
   683  Жалгерлік міндеттемелер
   684  Төлеуге сыйақылар
   685  Қызметкерлердің демалыс.
        тары бойынша есептелген
        борыш
   686  Жинақтаушы зейнетақы қоры
        бойынша есеп айырысу
   687  өзгелер
7 бөлім. КІРІСТЕР,
        Бөлім бойынша барлығы
70      Негізгі қызметтің кірісі,
        бөлімше бойынша барлығы
   701  Дайын өнімді (тауарларды,
        жұмыстарды, қызметтерді)
        сатудан алынатын кіріс
71      Сатылған тауарлардың
        қайтарылуы және сатудан
        шегерімдері, бағадан
        шегерім, бөлімше бойынша
        барлығы
   711  Сатудан тауарлардың
        қайтарылуы
   712  Сатудан шегерім
   713  Бағадан шегерім
72      Негізгі емес қызметтен
        алынатын кіріс, бөлімше
        бойынша барлығы
   721  Материалдық емес
        активтердің істен
        шығарылуынан алынатын
        кіріс
   722  Негізгі қордың істен
        шығарылуынан алынатын
        кіріс
   723  Инвестициялар, қаржы
        инвестициялар шегерілуі.
        нен кіріс
   724  Акциялар бойынша
        дивидендтер және сыйақы
        түріндегі кірістер
   725  Бағамдар айырмашылығынан
        алынатын кіріс
   726  Атқарушы үкімет органдар.
        дың субсидиялары
   727  Негізгі емес қызметтен
        алынатын өзге де кірістер
8 бөлім. ШЫҒЫСТАР, Бөлім бойынша
         жиыны
80      Сатылған дайын өнімнің
        (тауарлардың, жұмыстардың,
        қызметтердің) өзіндік
        құны, бөлімше бойынша
        барлығы
   801  Сатылған дайын өнімнің
        (жұмыстардың, қызмет.
        тердің) өзіндік құны
81      Дайын өнімді (тауарлар.
        дың, жұмыстардың,
        қызметтердің) өткізуге
        байланысты шығыстар,
        бөлімше бойынша барлығы
82      Жалпы және әкімшілік
        шығыстар, бөлімше
        бойынша шығыстар
83      Сыйақы түріндегі
        шығыстар, бөлімше
        бойынша шығыстар
84      Негізгі емес қызметтер
        бойынша шығыстар,
        бөлімше бойынша барлығы
   841  Материалдық емес
        активтерді өткізуге
        байланысты шығыстар
   842  Негізгі құралдардың
        істен шығуы бойынша
        шығыстар
   843  Инвестициялар, қаржы
        инвестициялар істен
        шығуы бойынша шығыстар
   844  Бағам айырмасы бойынша
        шығыстар
   845  Негізгі емес қызметтен
        бойынша өзге де шығыстар
85      Корпоративтік табыс
        салығы бойынша шығыстар,
        бөлімше бойынша шығыстар
86      Төтенше жағдайлардан
        және тоқтатылған
        операциялардан түсетін
        кірістер (шығындар),
        бөлімше бойынша барлығы
   861  Табиғат апатынан болған
        өтелмеген шығындар
   862  Табиғат апатынан болған
        кірістер (шығындар)
   863  Тоқтатылған операциялар.
        дан болған кірістер
        (шығындар)
   864  Төтенше жағдайлардан
        және тоқтатылған
        операциялардан болатын
        өзге де кірістер
        (шығындар)
87      Басқа ұйымдардағы үлестік
        қатысудың кірісі (шығын),
        бөлімше бойынша барлығы
9 бөлім. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПТЕУДІҢ
         ЕСЕПТЕМЕСІ, Бөлім
         бойынша барлығы
90      Негізгі өндіріс, бөлімше
        бойынша барлығы
   900  Негізгі өндіріс
   901  Материалдар
   902  өндіріс жұмысшыларының
        еңбек ақысы
   903  Еңбекақыдан бөлінетін
        аударымдар
   904  Құжаттық шығындар
91      өзіндік өндірістік
        жартылай фабрикаттар,
        бөлімше бойынша барлығы
   910  өзіндік өндірістің
        жартылай фабрикаттар
   911  Материалдар
   912  өндіріс жұмысшыларының
        еңбек ақысы
   913  Еңбекақыдан бөлінетін
        аударымдар
   914  Құжаттық шығындар
92      Қосалқы өндіріс, бөлімше
        бойынша барлығы
   920  Қосалқы өндіріс
   921  Материалдар
   922  өндіріс жұмысшыларының
        еңбек ақысы
   923  Еңбекақыдан бөлінетін
        аударымдар
   924  Құжаттық шығындар
93      Құжаттық шығындар,
        бөлімше бойынша барлығы
   930  Құжаттық шығындар
   931  Материалдар
   932  өндіріс жұмысшыларының
        еңбек ақысы
   933  Еңбекақыдан бөлінетін
        аударымдар
   934  Негізгі қорларды жөндеу
   935  Негізгі қорлардың және
        материалдық емес
        активтердің амортизация.
        сының тозуы
   936  Коммуналдық қызметтер
   937  Арендалық ақы
   938  өзгелер
___________________________________________________________________
        Баланс валютасы
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Шоттың|      Шоттың атауы         |  Есепті    | Есепті |  Келесі
 коды |                           | кезеңнің   | кезең  | кезеңнің
      |                           |басталу күні| үшін   |  басталу
      |                           |            |        |   күні
      |                           |____________|айналым.|___________
      |                           |  сальдо    |  дар   |  сальдо
____________________________________________________________________
                                  |  Д-т | К-т |Д-т |К-т| Д-т | К-т
____________________________________________________________________
10 бөлім. БАЛАНСТАН ТЫС ШОТТАР
 
____________________________________________________________________

      анықтамалық *
____________________________________________________________________
жолдың|         Атауы           |Басындағы|Шектеулі|Алынды|Соңындағы
  N   |                         |  сальдо |        |      | сальдо
____________________________________________________________________
А      Иеленуді салық органдары
       шектеген мүлік, барлығы
       оның ішінде:
     1 Негізгі қорлар, баланстық
       құны бойынша барлығы
   1.2 Жер
   1.3 Ғимараттар мен құрылыс-
       жайлары
   1.4 Машиналар мен жабдықтар,
       қосалқы тетіктер
   1.5 Көлік құралдары
   1.6 өзге де негізгі құралдар
   1.7 Аяқталмаған құрылыс
     2 Инвестициялар,
       14-бөлімше бойынша
       барлығы
     3 Материалдар, 20-бөлімше
       бойынша барлығы
     4 Аяқталмаған өндіріс,
       21-бөлімше бойынша
       барлығы
     5 Тауарлар, 22-бөлімше
       бойынша барлығы
     6 Қаржылық инвестициялар,
       40-бөлімше бойынша
       барлығы
     7 өзгелер
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
жолдың|         Атауы           |Басындағы|Ұсынылды|Қайта.|Соңындағы
  N   |                         |  сальдо |        |рылды | сальдо
____________________________________________________________________
Б      Банктік шоттарға
       қойылған инкассолық
       өкімдер (түрлі негізде.
       мелер бойынша), барлығы
       оның ішінде:
    1  Ел ішіндегі валюталық
       шоттағы ақшалар (431-шот)
    2  Шетелдегі валюталық
       шоттағы ақшалар (432-шот)
    3  Есеп айырысу шотындағы
       ақшалар (441-шот)
    4  Кассадағы Ұлттық валюта.
       дамен қолға берілетін
       ақшалар (451-шот)
    5  Кассадағы шетелдік
       валютамен қолға
       берілетін ақшалар
       (452-шот)
____________________________________________________________________

_________________________________________________
В      Кредиторлардың талаптары    |     Сома
       бойынша алынған мүлік,      |
       барлығы                     |
_________________________________________________
    1  Баланстық құн бойынша негізгі
       қорлар, барлығы
  1.2  Жер
  1.3  Ғимараттар мен құрылыс-жайлары
  1.4  Машиналар мен жабдықтар,
       қосалқы тетіктер
  1.5  Көлік құралдары
  1.6  өзге де негізгі құралдар
  1.7  Аяқталмаған құрылыс
    2  Инвестициялар, 14-бөлімше
       бойынша барлығы
    3  Материалдар, 20-бөлімше
       бойынша барлығы
    4  Аяқталмаған өндіріс,
       21-бөлімше бойынша барлығы
    5  Тауарлар, 22-бөлімше бойынша
       барлығы
    6  Қаржылық инвестициялар,
       40-бөлімше бойынша барлығы
    7  өзгелер
_________________________________________________

       Басшы          ___________________________________________
                                         қолы **
      Бас бухгалтер  ___________________________________________
                                         қолы **
                     ___________________________________________
                         Орындаушының аты-жөні мен телефон

       *  Міндетті түрде толтырылады, егер шектеулер болмаса - нөлдер қойылады
       **  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                       Қазақстан Республикасы    
                                          Қаржы Министрінің
                                       2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                     N 135 бұйрығымен бекітілген
                                     Қаржылық ақпарат нысандарын
                                    толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                               3-қосымша

                                                3-нысан

              Кірістер мен шығыстар туралы есеп

      Заңды тұлғаның атауы

      20____жылғы 01______ бастап ____ 20_жылғы 01_______ қоса алғандағы кезең

      мың теңге
____________________________________________________________________
 N  |    Көрсеткіштердің атауы      |  Өткен     | Есепті | Есепті
    |                               | кезең үшін |кезеңге | кезең
    |                               |            |арналған|  үшін
    |                               |            | жоспар |
____________________________________________________________________
 1                2                      3           4         5
____________________________________________________________________
  1  Дайын өнімді (тауарларды,
     жұмыстарды, қызметтерді)
     сатудан алынатын кіріс
  2  Сатылған дайын өнімнің
     (тауарлардың, жұмыстардың,
     қызметтердің) өзіндік құны
  3  Жалпы кіріс (1-бет - 2-бет)
  4  Кезеңнің шығыстары, оның ішінде
4.1. жалпы және әкімшілік шығыстар
4.2. Дайын өнімді (тауарларды,
     жұмыстарды, қызметтерді)
     өткізуге байланысты шығыстар
4.3. сыйақылар түріндегі шығыстар
  5  Негізгі қызметтен алынатын
     кіріс (шығын) (3-бет - 4-бет)
  6  Негізгі емес қызметтен
     алынатын кіріс (шығын)
  7  Салық салуға дейінгі кәдімгі
     қызметтен алынатын кіріс
     (шығын) (5-бет + 6-бет)
  8  Корпоративтік табыс салығы
  9  Салық салынғаннан кейінгі
     кәдімгі қызметтен алынатын
     кіріс (шығын)
     (7-бет - 8-бет)
 10  Төтенше жағдайларға және
     тоқтатылған операцияларға
     байланысты кіріс (шығын)
 11  ТАЗА ТАБЫС (ШЫҒЫН)
     (9-бет +(-) 10-бет)
____________________________________________________________________

       Басшы                    ____________________________
                                           қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                             Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                        Қазақстан Республикасы    
                                           Қаржы Министрінің
                                        2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                      N 135 бұйрығымен бекітілген
                                      Қаржылық ақпарат нысандарын
                                     толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                               4-қосымша

                                                4-нысан

                 Ақшаның қозғалысы туралы есеп

      Заңды тұлғаның атауы
      ____жылғы 01______ бастап ____ жылғы 01_______ қоса алғандағы
кезең үшін

      мың теңге
____________________________________________________________________
 N  |    Көрсеткіштердің атауы       |  Өткен    | Есепті | Есепті
    |                                |кезең үшін |кезеңге | кезең
    |                                |           |арналған|  үшін
    |                                |           | жоспар |
____________________________________________________________________
 1                2                       3           4        5
____________________________________________________________________
  I. Операциялық қызметтен болатын
     ақшаның қозғалысы
  1. Ақшаның түсуі
     өнімді (жұмыстарды, қызметтерді)
     сатудан алынатын кіріс
     алынған аванстар
     сыйақылар
     дивидендтер
     роялти
     өзге де түсімдер
  2. Ақшаның шығуы
     берушілер мен мердігерлердің
     шоттары бойынша
     берілген аванстар
     жалақы бойынша
     әлеуметтік сақтандыру және
     зейнетақымен қамсыздандыру
     қорларына
     салықтар бойынша
     сыйақыларды төлеу
     өзге де төлемдер
  3. Операциялық қызметтің
     нәтижесінде ақшалай қаражаттың
     көбеюі (+) / азаюы (-)
 II. Инвестициялық қызметтен
     болатын ақшалай қаражаттың
     қозғалысы
  1. Ақшаның түсуі
     материалдық емес активтерді
     сатудан алынатын кіріс
     негізгі қаражатты сатудан
     алынатын кіріс
     басқа ұзақ мерзімді
     активтерді сатудан алынатын
     кіріс
     инвестицияларды, қаржылық
     инвестицияларды сатудан
     алынатын кіріс
     басқа заңды тұлғалар берген
     несиелерді алудан кіріс
     өзге де түсімдер
  2. Ақшаның шығуы
     материалдық емес активтерді
     сатып алу
     негізгі қаражатты сатып алу
     басқа ұзақ мерзімді
     активтерді сатып алу
     инвестицияларды, қаржылық
     инвестицияларды сатып алу
     басқа заңды тұлғаларға
     қарыздарды ұсыну
     өзге де төлемдер
  3. Инвестициялық қызметтің
     нәтижесінде ақшаның көбеюі
     (+) / азаюы (-)
III. Қаржылық қызметтен болатын
     ақшаның қозғалысы
  1. Ақшаның түсуі
     акциялар мен басқа бағалы
     қағаздар шығарудан алынатын
     банктік қарыздар алу
     өзге де түсімдер
  2. Ақшаның шығуы
     банктік қарыздарды өтеу
     меншікті акцияларды сатып алу
     дивидендтер төлеу
     өзге де төлемдер
  3. Қаржылық қызметтің
     нәтижесінде ақшаның көбеюі
     (+) / азаюы (-)
     БАРЛЫҒЫ: Ақшаның өсуі (+)/
     азаюы (-)
     Есепті кезеңнің басындағы ақша
     Есепті кезеңнің соңындағы ақша
____________________________________________________________________

      Басшы                    ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                        Қазақстан Республикасы    
                                           Қаржы Министрінің       
                                        2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                      N 135 бұйрығымен бекітілген 
                                      Қаржылық ақпарат нысандарын
                                     толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                5-қосымша

                                                 5-нысан

            Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп

      Заңды тұлғаның атауы
      20____ жылғы 01_____ бастап 20 ____ жылғы 01_____ қоса алғандағы кезең

      мың теңге
____________________________________________________________________
 N  |      Көрсеткіштердің атауы        |  Өткен  | Есепті | Есепті
    |                                   |  кезең  |кезеңге | кезең
    |                                   |   үшін  |арналған|  үшін
    |                                   |         | жоспар |
____________________________________________________________________
 1                2                          3         4       5
____________________________________________________________________
       Барлығы
    1  Жалпы және әкімшілік шығыстар,
       барлығы
  1.1  Материалдар
  1.2  Жұмысшылардың еңбек ақысы
  1.3  Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар
  1.4  Негізгі қорлардың және
       материалдық емес активтердің
       амортизациясының тозуы
  1.5  Негізгі қорлар мен материалдық
       емес активтерге қызмет көрсету
       және жөндеу
  1.6  Коммуналдық шығыстары
  1.7. Іссапар шығыстары, барлығы
1.7.1  белгіленген нормалардың
       шеңберінде
1.7.2  нормалардан тыс
  1.8  өкілдік шығыстар
  1.9. Қызметкерлердің біліктілігін
       арттыру шығыстары
 1.10. Директорлар кеңесін ұстауға
       арналған шығыстар
 1.11. Салық бойынша шығыстар
 1.12. Кеңсе және баспахана шығыстары
 1.13  Байланыс қызметтері
 1.14. Күзет шығыстары
 1.15. Консультациялық (аудиторлық)
       және ақпараттық қызметтер
 1.16. Банк қызметтері
 1.17. Сақтандыруға арналған шығыстар
 1.18. Сот шығындары
 1.19. Шарттардың талаптарын бұзғаны
       үшін айыппұлдар, өсімақылар мен
       тұрақсыздық төлемдер
 1.20. Табысты жасырғаны (төмендеткені)
       үшін айыппұлдар мен өсімақылар
 1.21. ТМҚ-ды ұрлау, нормативтен тыс
       шығындар, бүлінуі, ұрлануына
       байланысты шығындар
 1.22. Аренда шығыстары
 1.23. Әлеуметтік салаға арналған
       шығыстар
 1.24. Күдікті борыштар жөніндегі
       резервтерді құру бойынша
       шығыстар
 1.25. Мерекелік, мәдени және
       спорттық іс-шараларды
       өткізуге арналған
 1.26. Қайырымдылық көмек
 1.27. өзге де шығыстар
    2  Дайын өнімді (тауарларды,
       жұмыстарды, қызметтерді)
       өткізуге байланысты шығыстар,
       барлығы
       оның ішінде
  2.1. Материалдар
  2.2. Жұмысшылардың еңбек ақысы
  2.3. Еңбек жалақыларынан аударымдар
  2.4. Негізгі қорлардың және
       материалдық емес активтердің
       амортизациясының тозуы
  2.5  Негізгі қорлар мен материалдық
       емес активтерді жөндеу және
       қызмет көрсету
  2.6. Коммуналдық шығыстары
  2.7. Іссапар шығыстары, барлығы
2.7.1. белгіленген нормалардың
       шеңберінде
2.7.2. нормалардан тыс
  2.8. Тиеу, тасымалдау және сақтау
       бойынша шығыстар
  2.9. Маркентингтік және жарнамаға
       арналған шығыстар
 2.10. Аренда шығыстары
 2.11. Әлеуметтік салаға арналған
       шығыстар
 2.12. өзге де шығыстар
    3  Сыйақылар түріндегі шығыстар,
       барлығы
  3.1  Банктердің қарыздары бойынша
       сыйақыларға (пайыздарға)
       байланысты шығыстар
  3.2  Жеткізушілердің қарыздары
       бойынша сыйақыларға (пайыздарға)
       байланысты шығыстар
  3.3  Арендаға байланысты сыйақылар
       (пайыздарға) бойынша шығыстар
  3.4  өзге де шығыстар
____________________________________________________________________

        Басшы                     ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                        Қазақстан Республикасы    
                                           Қаржы Министрінің
                                        2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                      N 135 бұйрығымен бекітілген
                                      Қаржылық ақпарат нысандарын
                                      толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                6-қосымша

                                                 6-нысан

                      Еңбек жөніндегі есеп

      Заңды тұлғаның атауы

      ____ жылғы 01_____ бастап ____ жылғы 01_____ қоса алғандағы кезең үшін

      1. Қызметкерлердің саны және жалақы қоры
___________________________________________________________________
 N  |      Көрсеткіштердің атауы          | Өлшем | Өткен  | Есепті
    |                                     |бірлігі| кезең  | кезең
    |                                     |       |  үшін  |  үшін
___________________________________________________________________
 1                2                           3        4       5
___________________________________________________________________
  001  Есепті кезең үшін қызметкерлердің
       нақты саны                            адам
001.1. әкімшілік басқарушылық
       қызметкердің                          адам
  002  Жалақы қоры - барлығы                мың теңге *
002.1. әкімшілік басқарушылық қызметкердің  мың теңге *
    3  Орташа айлық жалақы                   теңге *
003.1  әкімшілік басқарушылық қызметкердің   теңге *
    4  Барлық қызметкерлердің іс жүзінде
       жасаған адам-сағаттары               адам-
                                            сағат *
004.1  әкімшілік басқарушылық қызметкердің  адам-
                                            сағат *
___________________________________________________________________

      2. Еңбекке ақы төлеу
___________________________________________________________________
 N  |      Көрсеткіштің атауы             | Өлшем | Өткен  | Есепті
    |                                     |бірлігі| кезең  | кезең
    |                                     |       |  үшін  |  үшін
___________________________________________________________________
 1                2                           3        4       5
___________________________________________________________________
 001  Есепті кезең үшін басындағы
      жалақы бойынша берешек             мың теңге *
 002  Есепті кезең үшін есептелгені      мың теңге *
 003  Ұсталғаны, барлығы:                мың теңге *
      оның ішінде:
 004  зейнетақы жарналары (10%)          мың теңге *
 005  жеке табыс салығы                  мың теңге *
 006  өзгелер                            мың теңге *
 007  Есепті кезең үшін төленгені,
      барлығы                            мың теңге *
      оның ішінде:
 008  ақшамен                            мың теңге *
 009  тауарлармен, қызметтермен          мың теңге *
 010  Есепті күнге сальдо (қалдық)       мың теңге *
___________________________________________________________________

        Басшы                     ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Бір ондық таңбамен
       **  Қолдар мөртаңбамен бекітіледі

                                     Қазақстан Республикасы    
                                       Қаржы Министрінің
                                     2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                   N 135 бұйрығымен бекітілген
                                   Қаржылық ақпарат нысандарын
                                  толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                            7-қосымша

                                             7-нысан

       Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді)
                     өндіру мен сату туралы есеп

      Заңды тұлғаның атауы _________________________________

      ____ жылғы 01 _____ бастап ____ жылғы  01 _____ қоса алғандағы кезең үшін

___________________________________________________________________
 N  |Көрсеткіштердің атауы | Есепті кезеңге |     Шын мәнінде
    |                      |арналған жоспар |______________________
    |                      |                |  есепті кезең үшін
    |                      |_______________________________________
    |                      | саны |мың теңге| мөлшері | мың теңге
___________________________________________________________________
 1           2                 3      4           5          6
___________________________________________________________________
  1  Дайын өнімнің (тауар.
     лардың, жұмыстар мен
     қызметтердің) өндіріл.
     гені (өлшем бірлігі,
     мың)                     х                  х
1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6  Өзгелер                  х                  х
  2  Дайын өнімнің (тауар.
     лардың, жұмыстар мен
     қызметтердің) сатыл.
     ғаны (өлшем бірлігі,
     мың)                     х                  х
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6  Өзгелер                  х                  х
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
                    Шын мәнінде
___________________________________________
 N |алдыңғы жылдың ұқсас|   есепті жылдың
   |кезеңі (жыл басынан |басынан бастағандағы
   |бері өспелі         |    кезең үшін
   |қорытындымен) үшін  |
___________________________________________
   | саны | мың теңге   |  саны  | мың теңге
___________________________________________
      7       8              9        10
___________________________________________
  1   х                      х

1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6   х                     х

  2   х                     х
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6   х                     х
___________________________________________

       Басшы                     ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                        Қазақстан Республикасы    
                                           Қаржы Министрінің
                                        2003 жылғы 2 сәуірдегі
                                      N 135 бұйрығымен бекітілген
                                      Қаржылық ақпарат нысандарын
                                     толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                8-қосымша

                                                 8-нысан  

           Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп
                      (жабылмаған зиян)

      Заңды тұлғаның атауы
      ____ жылғы 01___ бастап __ жылғы 01___ қоса алғандағы кезең
___________________________________________________________________
 N  |      Көрсеткіштердің атауы          |  Өткен    |  Есепті
    |                                     |кезең үшін |кезең үшін
___________________________________________________________________
 1                2                             3           4
___________________________________________________________________
   1 Жылдың басындағы сальдо
     (562-шоттан жыл басына ауыстырылады)
   2 Есепті кезең үшін алынған таза табыс
     (шығын)
   3 Бөлінбеген кірісті басқа да
     арттырулар, барлығы
     оның ішінде:
 3.1
 3.2
 3.3
 3.4
 3.5
 3.6
 3.7
 3.8
 3.9
3.10
   4 Жиыны
     (2 және 3-жолдардың сомасы)
   5 ____ бастап _____ қоса алғандағы
     кезең үшін қызметтер қорытындылары
     бойынша дивидендтердің есептелгені
   6 Бөлінбеген кірісті басқа да
     азайтулар, барлығы
     оның ішінде:
 6.1
 6.2
 6.3
 6.4
 6.5
   7 Жиыны
     (5 және 6-жолдардың сомасы)
   8 Жыл соңындағы сальдо
     (1-бет+4-бет - 7-бет)
     Белгіленген сома жыл соңындағы
     561 және 562-шоттардың сомасымен
     сәйкес келуі тиіс
___________________________________________________________________

      Басшы                     ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрінің
                                        2003 жылғы 02 сәуірдегі
                                      N 135 бұйрығымен бекітілген
                                      Қаржылық ақпарат нысандарын
                                     толтыру жөніндегі нұсқаулыққа
                                                9-қосымша

                                                 9-нысан    

             Қаржылық ақпарат нысандарына
                   түсіндірме жазба

                                      _____________________________
                                          заңды тұлғаның атауы
                                      _____________________________
                                                 кезең
___________________________________________________________________
 N  | Түсіндірме жазбада ашып көрсетілуге      |
    |   тиіс мәліметтердің тізбесі             |     Ақпарат
___________________________________________________________________
 1.  Ұйымды құру туралы нормативтік-құқықтық
     актінің нөмірі мен күні, ұйым қызметінің
     түрі, қызметтің белгілі түрлерімен
     айналысуға арналған лицензиялардың тізбесі,
     есепті кезеңнің қаржылық ақпарат
     мазмұнының өзгеруіне ықпал еткен
     іс-шаралар
 2.  Есеп кезеңінде болған есеп саясатындағы
     өзгеріс және ұйымның қаржы-шаруашылық
     қызметіндегі операциялар көрінісіне
     ықпалы
 3.  Ұйымның есеп саясатына сәйкес негізгі
     құралдарының өтелімін есептеу әдістері
 4.  Негізгі құралдардың қозғалысы, негізгі
     құралдардың түрлері мен шығу құны
     (ішкі ауыстырылуды есепке алмастан)
     жөніндегі ақпарат
 5.  Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі
     құрал-жабдықтар туралы ақпарат
 6.  Құрылыс түрін, құрылыстың басталу
     күнін, жобалық құнын, әзір екендегінің
     пайызы, салынған ақша сомасын және
     пайдалануға енгізілетін жоспарлы
     күнді көрсете отырып, аяқталмаған
     құрылысты таратып жазу
 7.  Инвестициялар қозғалысы (14-тармақша)
     мен еншілес, тәуелді ұйымдар,
     қатысу үлесі көрсетіле отырып
     бірлесіп-бақыланбалы заңды тұлғалардың
     тізбесі жөніндегі ақпарат
 8.  Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
     туралы мәлімет
 9.  Ұйымның есеп саясатына сәйкес
     тауар-материалдық қорларын бағалау
     әдісі
10.  Негізгі қызметті жүзеге асырумен
     байланысты емес тауар-материалдық
     қорларды іске асырудың таза құнына
     дейін елеулі шығынға жазу себептерін
     таратып жазу
11.  Пайда болу және өтеу күнін, шарт мәні
     мен берешек сомасы көрсетіле отырып
     негізгі дебиторлар бойынша таратып жазу
12.  Күмәнді талаптар бойынша резервті
     есептеу және ұйымның есеп саясатына
     сәйкес келуі
13.  Ұйымның есеп саясатына сәйкес қаржылық
     инвестицияларды есептеу әдістері
     (40 бөлімше)
14.  Қаржылық инвестициялар тізбесін, өтеу
     мерзімін, қаржылық инвестициялар
     бойынша төлемақы пайыздарын келтіре
     отырып қаржылық инвестициялардың
     қозғалысы туралы ақпарат
15.  Меншік капиталы қозғалысын ашып көрсету
16.  Қаражаттардың пайыз ставкалары, пайда
     болу кезеңдері мен қаражаттарды
     қарызға алу мақсаттары мен заем
     шарттарынан туындайтын басқа да
     ерекшеліктер жөніндегі мәліметтерді
     келтіре отырып заемдарды таратып жазу
17.  Қатысушылардың дивидендтері мен
     кірістері бойынша есеп айырысулар
     туралы ақпарат
18.  Пайда болу және өтеу күнін, шарт мәні
     мен берешек сомасы көрсетіле отырып
     негізгі кредиторлар бойынша таратып жазу
19.  727 "Негізгі емес қызметтер өзге де
     кірістер" шоты мен 845 "Негізгі емес
     қызметтен өзге де шығыстар" шотын
     таратып жазу
20.  Өзге де жалпы және әкімшілік шығыстарды
     таратып жазу
21.  Өткен кезеңдердің қаржы есебін жасау
     кезінде жіберілген қателіктерді түзету
     сомасын ашып көрсету, елеулі қателіктерді
     түзету әдісі
22.  3, 4 және 5-нысандармен көзделген
     жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау
     себептерін ашық көрсету
23.  Өзге де мәліметтер (өткен кезеңмен
     салыстырғанда айналым балансының
     жекелеген қаржылық көрсеткіштерінің
     едәуір артқан жағдайда, себептері
     түсіндірме жазбада ашып көрсетілуі тиіс) *
___________________________________________________________________

      - өткен тармақтарда осы ақпарат ашып көрсетілмеген жағдайда толтырылады

       Басшы                     ____________________________
                                            қолы *
      Бас бухгалтер            ____________________________
                                           қолы *
                               ____________________________
                              Орындаушының аты-жөні мен телефон N

       *  Қолдары мөртаңбамен бекітіледі

      Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2003 жылғы 02 сәуірдегі    
N 135 бұйрығымен бекітілді  

  Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне
талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулық

       Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .
       Ескерту: 9-тармақты қоспағанда Ереженің барлық мәтіні бойынша "Ереже" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылды   - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізудің егжей-тегжейін анықтайды.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .
      2. Талдау жүргізу үшін өзіне мыналарды қамтитын қаржылық ақпараттың мынадай нысандары ақпараттық дерекқор болып табылады:
      1) Айналым балансы;
      2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      3) Ақшаның қозғалысы туралы есеп;
      4) Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп;
      5) Еңбек жөніндегі есеп;
      6) Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру туралы есеп;
      7) Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян);
      8) Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба.
      3. Көрсеткіштерді есептеу Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) берілген.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .
      4. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне талдау мынадай тізбектілікте жүргізіледі:
      1) Активтерді қалыптастыру көздерін талдау:
      өзіндік капитал;
      кірістер мен шығыстар;
      міндеттемелер.
      2) Активтердің құрылымын талдау:
      айналымнан тыс активтер;
      ағымдағы активтер.
      3) Еңбек және жалақыны талдау.

  2. Активтерді қалыптастыру көздерін талдау

      5. Активтердің құрамы мен қалыптастыру көздері құрылымының серпінін талдау олардың абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді, белгілі бір күнге активтерді қалыптастыру көздерінің бар-жоғын және белгілі бір мерзім ішінде олардың серпінінің өзгеруін қарап отыруға мүмкіндік береді.
      6. Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі активтердің қалыптастыру көздеріндегі өзіндік капиталдың үлесіне тәуелді. Сондықтан, активтерді қалыптастыру көздері шектеледі және мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі өзіндік капиталдың есебінен, қайсысы - міндеттемелер есебінен қалыптастырылатыны анықталады.
      Тәуелсіздік коэффициенті мемлекеттік кәсіпорындар активтерінің қалыптастыру көздерінің жалпы көлеміндегі өзіндік капиталдың үлесін сипаттайды.
      Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Баланстың валютасы (Нұсқаулықтың 2-тармағы);
      2) Өзіндік капитал (Нұсқаулықтың 3-тармағы);
      3) Өзіндік айналым капиталы (Нұсқаулықтың 22-тармағы);
      4) Қаржыландыру коэффициенті (Нұсқаулықтың 23-тармағы);
      5) Тәуелсіздік коэффициенті (Нұсқаулықтың 24-тармағы).
      7. Өзіндік капитал мөлшерінің өзгеруіне кірістер мен шығыстардың айырмасы ретінде есептелетін ағымдағы қызметтің қаржылық нәтижесі әсерін тигізеді.
      Шығыстар негізгі қызмет бойынша шығыстар, кезеңнің шығыстары және негізгі қызмет бойынша шығыстар сияқты абсолюттік көрсеткіштерден қалыптастырылады.
      Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын табыстылық пен пайдалылық коэффициенттері мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың элементтері болып табылады.
      Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Кірістер (Нұсқаулықтың 5-тармағы);
      2) Негізгі қызметтен алынатын кіріс (Нұсқаулықтың 6-тармағы);
      3) Негізгі емес қызметтен алынатын кірістер (Нұсқаулықтың 7-тармағы);
      4) Шығыстар (Нұсқаулықтың 8-тармағы);
      5) Сатылған дайын өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны (Нұсқаулықтың 9-тармағы);
      6) Кезеңнің шығыстары (Нұсқаулықтың 10-тармағы);
      7) Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар (Нұсқаулықтың 11-тармағы);
      8) Таза табыс (Нұсқаулықтың 12-тармағы);
      9) Ағымдағы қызметтің пайдалылығы (Нұсқаулықтың 13-тармағы);
      10) Негізгі қызметтің пайдалылығы (Нұсқаулықтың 14-тармағы);
      11) Негізгі емес қызметтің пайдалылығы (Нұсқаулықтың 15-тармағы);
      12) Активтердің табыстылығы (Нұсқаулықтың 16-тармағы);
      13) Өзіндік капиталдың табыстылығы (Нұсқаулықтың 18-тармағы);
      14) Жарғылық капиталдың табыстылығы (Нұсқаулықтың 19-тармағы).
      8. Кәсіпорын кірістері мен шығыстарының нақты және жоспарлы көрсеткіштерін салыстырмалы талдау кәсіпорын кірістері мен шығыстарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылау үшін жүзеге асырылады. Талдау процесінде нақты және жоспарлы көрсеткіштердің арасындағы абсолюттік және салыстырмалы ауытқулар анықталады, осындай ауытқулардың себептері қарастырылады.
      9. Таза табысты пайдалануды талдауда таза табыс сомаларын республикалық бюджетке аударуға, резервтік капиталды (толықтыруға) қалыптастыруға, өндірісті және өзге де бағыттарды дамытуға бөлу, сондай-ақ олардың "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297  қаулысымен  бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту Ережесінің негізінде белгіленетін бөлу нормативтеріне сәйкестігі көрсетіледі.
      10. Активтері қалыптастырудың құрамдас бөліктерінің бірі кәсіпорынның міндеттемелері немесе қарыз қаражаттары болып табылады. Несиегерлер тарапынан мемлекеттік кәсіпорын алатын коммерциялық несиенің ұлғаюын немесе азаюын міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті және олардың айналым мерзімі сияқты көрсеткіштер ашып көрсетеді.
      Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Міндеттемелер (Нұсқаулықтың 4-тармағы);
      2) Қарыздар (Нұсқаулықтың 25-тармағы);
      3) Бюджетпен есептесу (Нұсқаулықтың 27-тармағы);
      4) Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық борыш (Нұсқаулықтың 28-тармағы);
      5) Алынған аванстар және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (Нұсқаулықтың 29-тармағы);
      6) Өзге кредиторлық берешек пен аударымдар (Нұсқаулықтың 30-тармағы);
      7) Жалақы жөніндегі берешек (Нұсқаулықтың 31-тармағы);
      8) Міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 32-тармағы);
      9) Міндеттемелердің айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 33-тармағы).

  3. Активтерді талдау

      11. Активтердің құрамы мен құрылымының серпінін талдауда айналымнан тыс активтердің, оның ішінде материалдық емес активтердің, негізгі қаражат пен инвестициялардың ағымдағы жай-күйі мен серпіні бөлек қарастырылады. Бұдан басқа тозу коэффициентімен сипатталатын негізгі қаражаттардың техникалық жағдайы анықталады.
      Мемлекеттік кәсіпорын мүлкі құнының ұлғаюының себептерін талдай отырып, олардың есебінен арту болған көздер, сондай-ақ инфляцияның әсері анықталады.
      Активтерді әртараптандыру мүмкіндігі жөніндегі ақпаратты білу үшін мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі айналымнан тыс активтерде шоғырланғанын көрсететін оңтайлылық коэффициенті есептеледі.
      Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Айналымнан тыс активтер (Нұсқаулықтың 36-тармағы);
      2) Материалдық емес активтер (Нұсқаулықтың 37-тармағы);
      3) Негізгі қаражаттар (Нұсқаулықтың 38-тармағы);
      4) Негізгі қаражаттардың тозу коэффициенті (Нұсқаулықтың 39-тармағы);
      5) Активтердің айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 34-тармағы);
      6) Активтердің айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 35-тармағы);
      7) Қайтарым қоры (Нұсқаулықтың 17-тармағы);
      8) Инвестициялар (Нұсқаулықтың 40-тармағы);
      9) Жарғылық капиталдың активтермен қамтамасыз етілуі (Нұсқаулықтың 41-тармағы);
      10) Оңтайлылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 42-тармағы).
      12. Ағымдағы активтерді талдау кезінде тауар-материалдық қорлардың, дебиторлық берешектің, қаржылық инвестициялардың және ақшаның құрамы мен құрылымы қарастырылады. Активтердің қозғалысы мен өндірістің кезеңділігі туралы ақпаратты ашып көрсету үшін міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті және олардың айналым мерзімі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Кәсіпорынның төлеуге қабілетсіздігі қаупінің деңгейі тауар-материалдық қорлардың, дебиторлық берешек пен ақшаны келешек кезеңдегі кірістер мен шығыстар сомасын ескерместен міндеттемелер сомасына бөлу жолымен есеп айырысатын өтімділік коэффициентімен анықталады.
      Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Тауарлық-материалдық қорлар (Нұсқаулықтың 43-тармағы);
      2) Материалдардың айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 54-тармағы);
      3) Материалдардың айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 45-тармағы);
      4) Аяқталмаған өндірістің айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 46-тармағы);
      5) Аяқталмаған өндірістің айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 47-тармағы);
      6) Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 48-тармағы);
      7) Дайын өнімнің айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 49-тармағы);
      8) Тауарлардың айналымдылық коэффициенті (Нұсқаулықтың 50-тармағы);
      9) Тауарлардың айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 51-тармағы);
      10) Дебиторлық берешек және басқа да активтер (Нұсқаулықтың 52-тармағы);
      11) Қаржылық инвестициялар және ақша (Нұсқаулықтың 53-тармағы);
      12) Ақша түсімі (Нұсқаулықтың 54-тармағы);
      13) Өтімділік коэффиценті (Нұсқаулықтың 55-тармағы);
      14) Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффиценті (Нұсқаулықтың 56-тармағы);
      15) Дебиторлық берешектің айналым мерзімі (Нұсқаулықтың 57-тармағы).

  4. Еңбек пен жалақыны талдау

      13. Еңбек пен жалақыны талдау барлық қызметкерлердің адам-сағаттарды нақты қалай істегені және жалақы қоры сияқты көрсеткіштер кешенімен бірге қарастырылуы тиіс қызметкерлер санының серпінін қарауға мүмкіндік береді.
      Бұдан басқа, жалақы бойынша берешектерді есептеу және өтеудің серпіні, оның ішінде: өтеудің ақша, тауар, жұмыстар мен қызметтер сияқты түрлері қарастырылып, талданады.
      Еңбек пен жалақыны талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) Қызметкерлердің саны (Нұсқаулықтың 58-тармағы);
      2) Орташа айлық жалақы (Нұсқаулықтың 59-тармағы);
      3) Барлық қызметкерлердің іс жүзінде істеген адам-сағаттары (Нұсқаулықтың 60-тармағы);
      4) Бір қызметкердің іс жүзінде істеген адам-сағаты (Нұсқаулықтың 61-тармағы);
      5) Еңбек өнімділігі (Нұсқаулықтың 62-тармағы).

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2003 жылғы 02 сәуірдегі    
N 135 бұйрығымен бекітілді  

  Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулық

       Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .

  1. Жалпы ережелер

       Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды арттыру мақсатында әзірленді және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтайды.
       Ескерту: 1-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .

  2. Орташа мәнді есептеу

      Орташа мән (ОМ) - шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша қалдық мәндерінің сомасын бөлуден алынған айналым балансын осы мәндердің санына бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі:

                                  n
                            Е(интеграл) Х i
                      -          i=1
                      Х = -----------------
                                  n
               -
      Мұндағы: x  - орташа мән;
      Х і  - Шоттардың үлгі жоспарының шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша талданатын қалдықтарының мәні;
      n - талданатын мәндердің саны.

  3. Шартты белгілер

      1. Осы нұсқаулықта мынадай белгілер пайдаланылады:
      1) Е(интеграл)КтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит сальдоларының сомасы;
      2) Е(интеграл)ДтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет сальдоларының сомасы;
      3) Е(интеграл)КтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит айналымдарының сомасы;
      4) Е(интеграл)ДтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет айналымдарының сомасы;
      5) Е(интеграл)ДБөлIп1(...) - Ақшаның қозғалысы туралы есептің бөлімдері мен тармақтары бойынша көрсетілетін ақша қозғалысының сомасы;
      6) Е(интеграл)ЕңбекP2жол001(...) - Еңбек жөніндегі есептің бөлімдерінің жолдары бойынша көрсетілетін ақша сомасы;
      7) НомСтоим - акцияның атаулы құны.
       Ескерту: 3-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348   бұйрығымен .

  4. Негізгі көрсеткіштер

      2. Активтерді қалыптастыру көздері - баланс валютасы (БВ), мың теңге - жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (бұдан әрі - заңды тұлға) активтерін қалыптастыру қандай көздер есебінен жүзеге асырылатынын көрсетеді. Осы көрсеткіштің серпіні заңды тұлға қызметінің негізгі беталыстарын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі іскерлік белсенділігінің төмендеуін сипаттайды. Мына формула бойынша есептеледі:

                         БВ = МК + М

      3. Өзіндік капитал (МК), мың теңге - міндеттемелерді шегергеннен кейінгі активтері. Мына формула бойынша есептеледі:
      СК = Е(интеграл) Дт(1, 2, 3, 4)Бөлім Сальдосы - Е(интеграл)КтСальдоПР(11, 13, 31) - Е(интеграл)Кт6БөлімСальдосы

      4. Міндеттемелер (М), мың теңге - өткен операциялар немесе уақиғалар нәтижесінде туындаған және жеке тұлға немесе ұйымдардың пайдасына нақты іс-қимылдарды жасауға құн бағалауы бар, мүлікті беруге, жұмысты атқаруға, ақшаны төлеуге және басқа да не олардың өтелуі активтердің азаюына алып келетін нақты әрекеттерден қалыс қалатын міндеттер. Мына формула бойынша есептеледі:

                      М = Е(интеграл)Кт6БөлімСальдосы

      5. Кірістер, барлығы (К), мың теңге - есепті кезең ішінде активтерді немесе олардың құнын арттыру нысанында экономикалық пайданы арттыру не меншік иесінің салымдарымен байланысы жоқ меншік капиталының артуына алып келетін міндеттердің азаюы. Мына формула бойынша есептеледі:

         К = НҚК  + НЕҚК  + Е(интеграл)ктАйнШ (862, 863, 864, 871)

      6. Негізгі қызметтен алынатын кіріс (НҚК), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асырумен байланысты есепті кезеңнің кірістері. Мына формула бойынша есептеледі:

             НҚК = Е(интеграл)КтАйнПР70 - Е(интеграл)дтАйнПР71

      7. Негізгі емес қызметтен алынатын кірістер (НЕҚК), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты емес есепті кезеңнің кірістері. Мына формула бойынша есептеледі:

                       НЕҚК = Е(интеграл)КтАйнПР72

      8. Шығыстар, барлығы (Ш), мың теңге - есепті кезең ішінде активтердің немесе олардың құнының азаюы нысанында экономикалық пайданың азаюы не меншік иелері арасындағы оны бөлумен байланысы жоқ меншік капиталының азаюына әкелетін міндеттемелердің өсуі мына формула бойынша есептеледі:

                       Ш = Е(интеграл) ДтАйнШ8

      9. Сатылған дайын өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны (Өқн), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты есепті кезеңнің шығыстары. Мына формула бойынша есептеледі:

                       Өқн = Е(интеграл)ДтАйнПР80

      10. Кезеңнің шығыстары (КШ), мың теңге - өндірісті (жұмыстарды, қызметтерді) басқаруға және ұйымдастыруға байланысты есепті кезеңнің шығыстары мына формула бойынша есептеледі:

                  КШ = Е(интеграл)ДтАйнПР(81, 82, 83)

      11. Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар (НЕҚШ), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты емес есепті кезеңнің шығыстары. Мына формула бойынша есептеледі:

                      НЕҚШ = Е(интеграл)ДтАйнПР84

      12. Таза табыс (ТТ), мың теңге, - кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылықты көрсететін қаржы көрсеткіші. Мына формула бойынша есептеледі:

                              ТТ = К-Ш

      13. Ағымдағы қызметтің пайдалылығы (АҚпайд), % - ағымдағы қызметтен алынған кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығыстарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                                 ТТ
                       Ақпайд = ---- *100
                                 Ш

      14. Негізгі қызметтің пайдалылығы (НҚпайд), % - негізгі қызметтен алынған жалпы кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығыстарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                              НҚК-Өқн
                    НҚпайд = --------- *100
                                Өқн

      15. Негізгі емес қызметтің пайдалылығы (НЕҚпайд), % - негізгі емес қызметтен алынған кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығындарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                           НЕҚК - НЕҚШ
                 НЕҚпайд = ------------*100
                              НЕҚШ

      16. Активтердің табыстылығы (ROA), % - заңды тұлға активтерінің қаншалықты тиімді пайдаланылатынын (БВ), яғни заңды тұлғаның активтеріне салынған тиынның әрқайсысы таза пайданың қанша мөлшерін әкелетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                               ТТ
                       ROA = ------
                               БВ

      17. Қайтарым қоры (ҚҚ) - негізгі қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Табыстың есепті кезеңге жер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін) мен бітпеген құрылысты шегерумен негізгі қаражаттың бастапқы құнының орташасына қатынасы ретінде есептеледі. Мына формула бойынша есептеледі:
                                 К
          ҚҚ = ------------------------------------------
               ------------------------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) ДтСальдоШ(121, 126)) -
Е(интеграл) КтСальдо ПР13

      18. Өзіндік капиталдың табыстылығы (ROE) - заңды тұлға өзіндік капиталының табыстылығын сипаттайды, яғни меншікті пайданың 1 теңгесіне таза пайданың қандай мөлшері келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                                ТТ
                         ROE = ----
                                СК

      19. Жарғылық капиталдың табыстылығы (Жкт) - заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынған активтер қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын, яғни жарғылық капиталдың 1 теңгесіне таза пайданың қай мөлшері келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                                ТТ
           Жкт = ------------------------------------------
                 ------------------------------------------
       Е(интеграл) КрСальдоПР50 - Е(интеграл) ДтСальдоПР(51, 52)

      20. 1 акцияның баланстық құны (акцияның Бқн) - акциялардың жалпы санына меншік капиталының арақатынасымен анықталатын Қоғам бағалы қағаздарының ақшаға шағылуы. Мына формула бойынша есептеледі:
                                   СК
      Акциялардың Бқн = -------------------------------
                           Акциялардың жалпы саны

      21. Акциялардың мемлекеттік пакетінің табыстылығы (МПТ) - акциялардың мемлекеттік пакетінің 1 теңгесіне қанша дивидендтер есептелетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:

        Акциялардың мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер
 МПТ = --------------------------------------------------------
             Мемлекеттік акциялардың саны * Атаулы Құн

      22. Өзіндік айналым капиталы (МАК), мың теңге - өзіндік капиталдың құрамдас бөлігі. Ағымдағы активтерді қалыптастыру үшін өзіндік капиталдың қай бөлігі көз болып табылатындығын көрсетеді. Осы көрсеткіштің басқа, мысалы: айналымдылықты сипаттайтын коэффициенттермен көрсеткіштер кешенімен ғана өсуі оң болып танылады. Мына формула бойынша есептеледі:

                      МАК = ТМЗ + Деб + ФииД - О

      23. Қаржыландыру коэффициенті (ҚарК) - өзіндік капитал мен міндеттемелердің ара қатынасын сипаттайды. Ол активтердің қай бөлігі өзіндік капиталдың есебінен, қайсысы міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Оңтайлы мән - 1-ден кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
                                 СК
                        ҚарК = ------
                                 О

      24. Тәуелсіздік коэффициенті (ТәуК) - заңды тұлға активтерінің қалыптастырылу көздерінің жалпы көлеміндегі өзіндік капиталдың үлесін сипаттайды. Ол бойынша заңды тұлғаның міндеттемелерден қаншалықты тәуелсіз екендігі және өзіндік капиталымен оңтайландыру мүмкіндігі бағаланады. Оңтайлы мән - 0,5 кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
                               СК
                     ТәуК =  ------
                               БВ

      25. Қарыздар (Қр), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Осы пассивтің сату көлемі мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:

                  Қр = Е(интеграл)Кт СальдоПР60

      26. Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша есептесу (Див), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның есептелген, бірақ төленбеген дивидендтері бойынша акционерлермен есеп айырысу және қатысушылармен олардың қатысу үлесіне сәйкес есеп айырысу жөніндегі берешегін қамтиды. Мына формула бойынша есептеледі:

                 Див = Е(интеграл) КтСальдоПР62

      27. Бюджетпен есептесу (Бюд), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:

                 Бюд = Е(интеграл) КтСальдоПР63

      28. Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек (КБеұ), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын заңды тұлғаларға кредиторлық берешегін қамтиды. Мына формула бойынша есептеледі:

                 КБеұ = Е(интеграл) КтСальдоПР64

      29. Алынған аванстар және берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу (Аван), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі берешегін, еншілес заңды тұлғалар алдындағы берешегін, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорларды беруге, жұмыстар мен қызметтерді орындауға алынған аванстарды қамтиды. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:

               Аван = Е(интеграл) КтСальдоПР(66, 67)

      30. Өзге кредиторлық берешек және аударымдар (ӨзКб), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның өзге кредиторлармен есеп айырысу жөніндегі берешегін қамтиды. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:

                   ӨзКб = Е(интеграл) КтСальдоПР68

      31. Жалақы жөніндегі берешек (Ж), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу жөніндегі берешегін және қызметкерлердің демалыстары жөніндегі есептелген берешекті қамтиды. Осы пассивтің қызметкерлердің санын, сату көлемдері мен ақша түсуінің тиісінше ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:

                Ж = Е(интеграл) КтСальдоШ(681, 682, 685)

      32. Міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті (МАйК) - талданып отырған кезеңдегі міндеттемелер айналымының саны. Заңды тұлғаның несие берушілер тарапынан алатын коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі заңды тұлғаның несиені өтеу қабілетінің нашарлауы ретінде бағалануы мүмкін міндеттемелерді төлеу жөніндегі проблемалардың болуы туралы айғақтайды. Мына формула бойынша есептеледі:

                         Е(интеграл) Дт6БөлімАйн
                 МАйК = --------------------------
                       Е(интеграл) Кт6БөлімСальдосы

      33. Міндеттемелердің айналым мерзімі (МАйМ), күндер - заңды тұлғаның міндеттемелерді қайтаруының орта мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                        Кезең ішіндегі күндердің саны
                 МАйМ = ------------------------------
                                   АйнК

      34. Активтердің айналымдылық коэффициенті (ААйК) - талданатын мерзімде өндіріс пен айналыс кезеңінің қанша рет жасалатынын көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
                                  К
                         ААйК = ------
                                  БВ

      35. Активтердің айналым мерзімі (ААйМ), күндер - өндіріс пен айналыс кезеңі жасалатын мерзімді көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                     Кезең ішіндегі күндердің саны
              ААйМ = ------------------------------
                               АйнК

      36. Айналымнан тыс активтер (АтА), мың теңге - материалдық емес активтердің, негізгі қаражат пен инвестициялардың баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:

АтА=Е(интеграл) Дт(10, 12, 14)БөлімСальдосы - Е(интеграл) Кт(11, 13)БөлімСальдосы

      37. Материалдық емес активтер (МеА), мың теңге - барлық топтар бойынша материалдық емес активтердің баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:

       МеА = Е(интеграл) ДтСальдоПР10 - Е(интеграл) КтСальдоПР11

      38. Негізгі қаражаттар (НҚ), мың теңге - барлық топтар бойынша негізгі құралдардың баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:

      НҚ=Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) КтСальдоПР13

      39. Негізгі қаражаттардың тозу коэффициенті (ТозК) - негізгі қаражаттардың техникалық жағдайын сипаттайды және жинақталған тозу сомасының бастапқы құнға қатынасын білдіреді. Оңтайлы мән - 0,5-тен кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:

                    Е(интеграл) КтСальдоПР13
ТозК = ---------------------------------------------------------
     (Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) ДтСальдоШ(121,126))

      40. Инвестициялар (Инв), мың теңге - заңды тұлғаның пайда алу мақсатында (мысалы, дивидендтер, роялтилер және т.б.) иелік ететін активтер. Мына формула бойынша есептеледі:

                    Инв = Е(интеграл) ДтСальдоПР14

      41. Жарғылық капиталдың активтермен қамтамасыз етілуі (ҚамтК) - заңды тұлғаның қанша активі жарғылық капиталдың 1 теңгесіне келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:

                                БВ
 ҚамтК = ---------------------------------------------------------
        Е(интеграл) КрСальдоПР50 - Е(интеграл) ДтСальдоПР(51,52)

      42. Оңтайлылық коэффициенті (ОңтайлК) - заңды тұлға активтерінің қай бөлігі айналымнан тыс активтерде шоғырланғандығын көрсетеді, сонымен заңды тұлға активтерін әртараптандыру мүмкіндігіне сипаттама береді. Мына формула бойынша есептеледі:

                              АтА
                 ОңтайлК = ----------
                              БВ

      43. Тауарлық-материалдық қорлар (ТМҚ), мың теңге - өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған тауарлық-материалдық қорлардың бар-жоғы; дайын өнім; сатуға арналған тауарлар жөніндегі ақпаратты қорытындылайды. Басқа көрсеткіштерді, мысалы айналымдылықты сипаттайтын коэффициенттерді талдаудың негізінде серпін туралы түпкілікті тұжырым жасауға болады. Мына формула бойынша есептеледі:

                  ТМЗ = Е(интеграл) Дт2БөлімСальдосы

      44. Материалдардың айналымдылық коэффициенті (МАйК) - талданатын мерзімдегі материалдар айналымының саны. Коэффициенттердің өсуі материалдардың артқанын білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:
                           Е(интеграл) КтАйнПР20
                   МайК = -------------------------
                          -------------------------
                          Е(интеграл) ДтСальдоПР20

      45. Материалдардың айналым мерзімі (МАйМер), күндер - материалдардың айналым мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                      Кезең ішіндегі күндердің саны
            МАйМер = ----------------------------------
                                 МАйК

      46. Аяқталмаған өндірістің айналымдылық коэффициенті (АӨАйК) - талданатын мерзімдегі аяқталмаған өндіріс айналымының саны. Коэффициенттің өсуі өндірістік қызметтің жандануын білдіреді, төмендеуі - тиісінше өндіріс белсенділігінің төмендеуін. Мына формула бойынша есептеледі:

                         Е(интеграл) КтАйнПР21
               АӨАйК = --------------------------
                        Е(интеграл) ДтСальдоПР21

      47. Аяқталмаған өндіріс айналымының мерзімі (АӨАйМер), күндер - аяқталмаған өндіріс айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                    Кезең ішіндегі күндердің саны
          АӨАйМер= -------------------------------
                              АӨАйК

      48. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті (ДӨАйК) - талданатын мерзімдегі дайын өнім айналымының саны. Коэффициенттің өсуі заңды тұлғаның дайын өнімді сатуының ұлғайтуын білдіреді, ал төмендеуі - дайын өнімді сатуының төмендетуін білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:

                        Е(интеграл) КтАйнШ221
              ДӨАйК = ----------------------------
                       Е(интеграл) ДтСальдоШ221

      49. Дайын өнім айналымының мерзімі (ДӨАйМер), күндер - дайын өнім айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі: 

                       Кезең ішіндегі күндердің саны
            ДӨАйМер = --------------------------------
                                  ДӨАйК

      50. Тауарлардың айналымдылық коэффициенті (ТауАйК) - талданатын мерзімдегі тауар айналымының саны. Коэффициенттің өсуі тауарларға сұранымның өсуін білдіреді, ал төмендеуі сату үшін алынған тауарларды сату мен сұраным көлемінің азаюын білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:

                         Е(интеграл) КтАйнШ(222, 223)
              ТауАйК = --------------------------------
                       Е(интеграл) ДтСальдоШ(222, 223)

      51. Тауарлардың айналым мерзімі (ТауАйМер), күндер - заңды тұлға сату үшін алған тауар айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                         Кезең ішіндегі күндердің саны
             ТауАйМер = --------------------------------
                                   ТауАйнК

      52. Дебиторлық берешек және басқа да активтер (Деб), мың теңге - осы көрсеткіштің тұрақты өсуі заңды тұлғаны өндірістік процесті жаңғырту мүмкіндігінен айыруға әкелуі мүмкін. Егжей-тегжейлі талдау үшін дебиторлардың толық ажыратуы мен жөнелтілімдер шартына түсіндерме қажет, бұдан басқа, дайын өнімнің серпінін талдау қажет. Мына формула бойынша есептеледі:

Деб = Е(интеграл) ДтСальдоПР(30, 32, 33, 34, 35) - Е(интеграл) КтСальдоПР31

      53. Қаржылық инвестициялар және ақша (ҚИжА), мың теңге - заңды тұлғаның банктік шоттары мен кассасындағы қаржылық инвестициялардың және ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты тұжырымдайды. Ақшаның болмауы бір мәнді теріс сипатталады. Мына формула бойынша есептеледі:

                     ҚИжА = Е(интеграл) ДтСальдоР4

      54. Ақшаның түсуі (АқшТ), мың теңге - есепті мерзімде заңды тұлғаның банктік шоттары мен кассасына түскен ақша. Мына формула бойынша есептеледі:

      АқшТ = Е(интеграл)(ДРБөлI1жол, ДРБөлII1жол, ДРБөлIII1жол)

      55. Өтімділік коэффициенті (ӨтК) - болашақ кезеңдердегі кірістер мен шығыстар сомасын ескерместен, тауарлық-материалдық қорлардың, дебиторлық берешек пен ақшаның міндеттемелерді қандай мөлшерде өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Оңтайлы мән - 2-ден кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:

                 ТМЗ+Деб+ ҚижА-Е(интеграл) ДтСальдоПР 34
        КТеӨтК = -------------------------------------------
                  О-Е(интеграл) Кт6БөлімСальдосыШ611

      56. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті (КДебАйн) - талданататын мерзімдегі дебиторлық берешек айналымының саны. Заңды тұлға беретін коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсетеді. Осы коэффициенттің өсуі несиеге сатудың қысқартылуын айғақтайды. Төмендету - берілетін коммерциялық несиелердің өсуі. Бұл жағдайда заңды тұлға сөзсіз төлеу проблемаларымен қақтығасады және осының салдары ретінде ағымдағы қызметті қаржыландыру мәселелері туындайды. Мына формула бойынша есептеледі:

                   Е(интеграл) КтАйнПР(30, 32, 33, 34, 35)
        КДебАйн = ----------------------------------------
                  Е(интеграл) ДтСальдоПР(30, 32, 33, 34, 35)

      57. Дебиторлық берешектің айналым мерзімі (ДебАйнМер), күндер - дебиторлық берешекті өтеудің мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                      Кезең ішіндегі күндердің саны
        ДебАйнМер = ---------------------------------
                                  КДебАйн

      58. Қызметкерлердің саны (ҚС), адам - орташа айлық жалақы мен өзге де орташа мөлшерлерді есептеу үшін қолданылатын қызметкерлердің жалпы саны. Өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісінің көлемдерін ұлғайтпастан осы көрсеткіштің ұлғайтылуы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                          ҚС=ЕңбекБ1жол003

      59. Орташа айлық жалақы (ОАЖ), мың теңге - 1 қызметкерге есептегендегі орташа айлық жалақының сомасы. Заңды тұлғаның 1 қызметкерге есептегендегі кірістерін ұлғайтпастан осы көрсеткішті ұлғайту теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                           ЕңбекБ1жол002
                    ОАЖ = ----------------
                          ЕңбекБ1жол001*12

      60. Барлық қызметкерлердің іс жүзінде жасаған адам-сағаттары (ІЖЖ), адам-сағат - шын мәнінде жасалған уақыттың адам-сағаттардағы жалпы саны. Заңды тұлға кірістері мен қызметкерлер санының ұлғаюы болмай осы көрсеткіштің ұлғаюы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                         ІЖЖ = ЕңбекБ1жол004

      61. Бір қызметкердің іс жүзінде жасаған адам-сағаттары (1қІЖ), адам-сағат - еңбек қорының нормативтік және нақтылы мәндерін 1 қызметкерге есептеп салыстыруға мүмкіндік береді. Өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі көлемдерінің ұлғаюы болмай осы көрсеткіштің ұлғаюы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                          ЕңбекБ1жол011
                  1қІЖ = -------------------
                         ЕңбекБ1жол003

      62. Еңбек өнімділігі (ЕңӨ), теңге - заңды тұлға қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығындардың тиімділігін сипаттайды. Осы көрсеткіштің өсімі оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:

                                     НҚК
                     ЕңӨ = --------------------------
                           ЕңбекЕ(интеграл)Б2жол002

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады