"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағытына қатысуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 21 қарашадағы № 7305 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 381-ө бұйрығының күші жойылсын.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Г. Әбдіқалықова