"Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағытына қатысуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 381-ө бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 99-ө-м Бұйрығы.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағытына қатысуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 21 қарашадағы № 7305 тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 381-ө бұйрығының күші жойылсын.
      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                   Г. Әбдіқалықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады