"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тәрағасының 2006 жылғы 2 тамыздағы № 300 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4332 болып тіркелген және 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 158 (1138) "Ресми газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Г.Р. Әбдірайымов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және мерзімді басылымдарда ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментіне (Г.Р.Әбдірайымов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастан күшіне енеді.
Төраға С.Нокин