Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы»2 тамыздағы N 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4332. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрии және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 32 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрии және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2012.02.01 № 32 бұйрығымен.      

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Сәулет-құрылыс бақылауы мен инспекциялау басқармасы:
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. "Қазақстан Республикасы құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 14 тамыздағы N 170  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1658 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 36-37, ст.513)  күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары   А.Ұ.Қарамановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Төраға

                                       Қазақстан Республикасы
                                 Индустрия және сауда министрлігінің
                                  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
                                     шаруашылық істері комитеті
                                            төрағасының
                                      2006 жылғы 2 тамыздағы
                                   N 300 бұйрығымен бекітілген

  Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер 

      1.   Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу жөніндегі нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне (әрі қарай - Кодекс) сәйкес әзірленген және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді анықтау мен қарау, сондай-ақ іс жүргізу мен қабылданған шешімдердің негізділігіне бақылау ұйымдастырудағы мемлекеттік сәулет-құрылыс органдары мен олардың лауазымды адамдарымен заңнаманың қолданылуын егжей-тегжейлi көрсетеді.

      2. Құрылыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарының міндеттеріне әрбір істің мән-жайын уақытында, жан-жақты, толық және нақты анықтау, Кодекске сәйкес оның шешілуі, енгізілген қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты ескерту мен тоқтату, құрылыстың сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіруге әсер ететін және күшейтуге бағытталған себептер мен шарттарды анықтау, пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету жатады.

      3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарының лауазымды адамдарымен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде әкімшілік іс жүргізу жөніндегі құжаттамалардағы сілтеме тек  Кодекстің нормаларымен жүргізілуге тиіс. 

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық және
әкімшілік жауаптылық

      4. Жеке адамның Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

      5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарымен анықталатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға мына құқық бұзушылықтар жатады жатады:
      1) тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу (Кодекстің  130-бабы );
      2) құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру (Кодекстің  230-бабы );
      3) сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару мен қолдану (Кодекстің  231-бабы );
      4) құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу (Кодекстің  232-бабы );
      5) белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу (Кодекстің  233-бабы ); 
      6) объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу (Кодекстің  234-бабы );
      7) белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына рұқсатсыз объектiлердi салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу (Кодекстің  235-бабы );
      8) объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу (Кодекстің  236-бабы );
      9) заңсыз құрылыс (Кодекстің  237-бабы );
      10) тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау (Кодекстің  238-бабы );
      11) белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану (Кодекстің  239-бабы );
      12) су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн заңсыз құрылыс (Кодекстің  278-бабы );
      13) орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану (Кодекстің  291-бабы );
      14) лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу (Кодекстің  357-2-бабы );
      15) қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзу (Кодекстің  387-бабы );
      16) байланыс құрылыстарын заңсыз салу (Кодекстің  499-бабы ).

      6. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар: 
      1) ақыл-есі дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам; 
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғалар.
      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасынан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында белгіленген мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерден ауытқуға жол бере әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

      7. Мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарының лауазымды тұлғалары әкімшілік жауаптылыққа қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.

  3. Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық
ықпал ету шаралары

      8. Әкімшілік жаза мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның  Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

      9. Құрылыс саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамдарға мынадай әкімшілік жазалары қолданылуы мүмкін: 
      1) ескерту жасау; 
      2) әкімшілік айыппұл салу; 
      3) сәулет-құрылыс, қала құрылысы мен құрылыс саласында белгіленген бір қызмет түріне берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру;
      4) өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға 1)-4)-тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар, сондай-ақ сәулет-құрылыс, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.

      10. Ескерту, әкімшілік айыппұл салу тек негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
      Ескерту әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдарының (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.
      Ескерту жазбаша түрде жасалады. 

      11. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - құрылыс саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарымен Кодекс баптарымен көзделген ретте және мөлшерде  әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.

      12. Айыппұл заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады. 
      Сәулет-құрылыс, қала құрылысы мен құрылыс субъектісімен (әрі қарай - субъект) екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылыққа жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. 
      Егер субъект бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарының лауазымды адамы қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті бір мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды.

      13. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі. 
      Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.
      Егер Кодекстің  69-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде аталған мерзімдер аяқталғанға дейін адам жазадан әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану мерзімінің өтуіне үзіліс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзімдерді есептеу жаза әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
      Ескерту. Белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.

    4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс
инспекциясының өкілеттігі

       14. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді  Кодекстің 33-  35-тарауларында белгіленген тәртіппен және шартта жүзеге асырады.

      15. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
      1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы; 
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 
      3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.

      16. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада ( 1-қосымша ) оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және әкiмшiлiк бұзушылық жасаған адам немесе заңды тұлғаның заңды өкiлi қол қояды. Куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды. 
      Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады.

      17. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу жасалады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жасалады.

      18. Әкiмшiлiк бұзушылық туралы хаттама қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.

      19. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ Кодекстiң  646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.

      20. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының органдары Кодекстің  538 ,  568-баптарына сәйкес Кодекстің  130 ,  230 ,  231 (бірінші бөлігімен),  234 ,  235 (бірінші бөлігімен),  236 ,  238 ,  239 ,   278 (екінші бөлігімен),  291 ,  357-2 (бірінші бөлігімен),  387 ,   499 баптарымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарайды.

      21. Соттармен қаралатын Кодекстің  231 (екінші бөлігімен),  232 ,  233 ,  235 (екінші бөлігімен),  237 ,  278 (бірінші бөлігімен) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының лауазымды тұлғалары:
      1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - мемлекеттік құрылыс инспекторларымен;
      2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторларымен жасалады.

      22. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары;
      2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.

      23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады.

      24. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
      1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
      2) бұл iстi лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
      3) Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн; 
      4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
      5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
      6) осы Кодекстiң  584 588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.

      25. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғасы, егер ол адам:
      1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнің туысы болса;
      2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.      
      Нұсқаулықтың осы тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғалары өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
      Нұсқаулықтың осы тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғаларынан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.      
      Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының жоғары тұрған лауазымды адамына берiледi, ол оны түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарап, мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. 

      26. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғасы мынадай шешiм қабылдайды:
      1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы; 
      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы;      
      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы; 
      4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы; 
      5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
      6) Кодекстiң  642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы; 
      7) Кодекстiң  580 581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.        

      27. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқылы органмен (лауазымды адаммен) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы орган (лауазымды адам) бiр айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкiн.

      28. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды Кодекстің   648-бабында көзделген өздерінің өкілеттіктері шегінде жүргізеді.

      29. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының уәкілетті лауазымды тұлғасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап мына қаулылардың бiрiн шығарады: 
      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы; 
      2) iс жүргiзудi қысқарту туралы; 
      3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы лауазымды адамның қарауына беру туралы.

      30. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда ( 2-қосымша ): 
      1) қаулыны шығарған мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды адамының лауазымы, аты-жөнi;
      2) iстiң қаралған күнi мен орны;       
      3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер;       
      4) қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлi;       
      5) Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;      
      6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;       
      7) iс бойынша шешiм;       
      8) қаулыға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды адамы қол қояды.

      31. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады. 
      Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi.

      32. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды тұлғасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға Кодекспен көзделген тәртіппен мүдделі тұлғалар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады. 

  5. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың
орындалуы

      33. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн; 
      2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ Кодекстiң  664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады. 

      34. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулы шығарған мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды адамына жүктеледі.
      Қаулы оны орындайтын органға (лауазымды адамға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бір тәулік ішінде жіберіледі.

      35. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны Кодексте белгіленген тәртіппен уәкілетті органдар орындайды.

      36. Ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны Кодекстің  652-бабына сәйкес қаулының көшірмесін тапсыру немесе жіберу жолымен қаулыны шығарған мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының лауазымды адамы орындайды.

      37. Әкімшілік жауапқа тартылған адам айыппұлды әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының заңды күшіне енген күнінен не Кодекстің   701-бабында көзделген кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды мемлекеттік бюджетке белгіленген тәртіппен жеке адам енгізеді немесе заңды тұлға аударады. 
      Жеке адамға және заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындау Кодекстің  708 ,  709-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 
      Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргізілген қаулы оның орындалғаны туралы белгі қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады. 

  6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істер жөнінде іс жүргізу

      38. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Кодекстің  635-бабының талаптарына сәйкес жасалады.

      39. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының басшылары бланкілерді уақытында дайындауды және алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды сақтау және мақсат бойынша пайдалану үшін бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      40. Әкімшілік жауапқа тартылатын құқық бұзушыларға жасалған хаттаманың, актінің журналдары мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының басшысының бұйрығымен белгіленген жауапты адамда сақталуға тиіс және бау өткізілуге, нөмірленуге және сол органның мөрімен бекітілуге тиіс. V095855

      41. Іс жүргізу мен есеп жүргізудің жай-күйі үшін жауапкершілік тиісті  мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органының басшысына жүктеледі. 

                                         Мемлекеттік сәулет-құрылыс
                                          инспекциясы органдарымен
                                         әкімшілік құқық бұзушылық
                                           туралы істерді жүргізу
                                            жөніндегі нұсқаулыққа
                                                 1-қосымша

                     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                              хаттама

____________________                  ___» ____________200 __ жыл
  (жасалған жері)

Менімен_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(хаттаманы жасаған мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органы
____________________________________________________________________
                қызметкерінің қызметі мен аты-жөні)

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 
Кодексінің (әрі қарай - ӘҚБК)  636-бабының негізінде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға туралы мәлiметтер)
қатысты осы хаттама жасалынды

                        АНЫҚТАДЫМ:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған жері, уақыты мен мәні) 

аталған бұзушылықтар ӘҚБК________________________________ баптарына
сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      ӘҚБК  584-бабына сәйкес өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да
материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны
мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс
етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн
пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде
сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының
қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының
қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс
жөнiндегi қаулыға шағымдануға, сондай-ақ өзiне ӘҚБК берiлген өзге
де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің түсіндірмесі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жоғарыда аталғанның негізінде ӘҚБК  640-бабына сәйкес осы хаттама
қосымша материалдармен бірге әкімшілік жаза қолдану үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын сот, уәкілді орган
___________________________________________________жіберіледі.
                    (лауазымды тұлға)

Хаттаманы __________________________________________________________
              (мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органы 
__________________________________________________________жасады.
                 қызметкерінің қолы мен аты-жөні)

Хаттамамен таныстым:
_____________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің қолы)

      Хаттамаға ескертулер мен толықтырулар жоқ (бар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің қолы) 

      Хаттама куәлардың (куәгерлердің) қатысуымен жасалынды:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
           (куәлардың (куәгерлердің) аты-жөні мен адресі)

      ӘҚБК  594 ,  595-бабына сәйкес куәлардың (куәгерлердің)
құқықтары мен міндеттері таныстырылды:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
                  (куәлардың (куәгерлердің) қолы)

Хаттаманың көшірмесі алынды, құқықтар мен міндеттер түсіндірілді:
____________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің қолы)

Хаттамаға қосымша:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (қосымша материалдардың атауы)

                             Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
                             органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық
                                туралы істерді жүргізу жөніндегі
                                          нұсқаулыққа
                                           2-қосымша

              Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
                              қаулы

____________________                   «___» ____________200 __ жыл
(іс қаралған жер)

Менімен_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (лауазымды тұлғаның қызметі мен аты-жөні) 

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының
Кодексінің (әрі қарай - ӘҚБК)  568-бабының негізінде 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға туралы мәлiметтер)
қатысты жасалынған__________________________________________хаттама
               (хаттаманың жасалынған уақыты, сериясы мен N)
__________________________________________________________қаралды.
(әкімшілік құқық бұзушылық туралы қосымша материалдар)

Қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлi болып _____________ белгіленді. 

                         АНЫҚТАЛҒАНЫ:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (істі қарау барысында анықталған мән-жайлар мен әкімшілік құқық
____________________________________________________________________
           бұзушылыққа жауаптылық белгілейтін ӘҚБК бабы) 

ӘҚБК  650-бабына сәйкес  

                          ШЕШІМ ЕТТІМ:

  ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        (өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәлiметтер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижесінде
____________________________________________________________________
                       қабылданған шешім)

      ӘҚБК  655 пен  657-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық
туралы қаулыға қаулы көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он күн
iшiнде, ал егер осы Кодекстiң  584 588-баптарында аталған адамдар
iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап жоғары тұрған
органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды
адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған
теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi
мүмкiн.

      Ескерту: ӘҚБК  707-бабымен көзделген мерзім өткеннен кейін
құқық бұзушыға ӘҚБК  708 ,  709-баптарында көзделген шаралар
қолданылады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (қаулыны шығарған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қызметі, қолы ) 

Қаулының көшірмесі алынды, құқықтар мен міндеттер түсіндірілді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкілінің қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады