«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қатты пайдалы қазба орындарын барлау және игеру нәтижелерін салыстыру жөніндегі материалдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 1 ақпандағы № 38 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген);
2) «Геологиялық барлау жұмыстарын сатылап жүргізу (қатты пайдалы қазбалар) жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 27 ақпандағы № 72 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
-Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә.Исекешев