Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 90 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және  43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қатты пайдалы қазба орындарын барлау және игеру нәтижелерін салыстыру жөніндегі материалдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 1 ақпандағы № 38 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген);
      2) «Геологиялық барлау жұмыстарын сатылап жүргізу (қатты пайдалы қазбалар) жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 27 ақпандағы № 72 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
-Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі                                               Ә.Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады