"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес, Астна қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
Әкім И. Тасмағамбетов
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 06-1451 қаулысына қосымша
Астана қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі
1. «Астана қаласы бойынша ыстық және суық суды тұтынушыларды есепке алуын реттеу туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 3-1-961п қаулысы (Нормативтиік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылы 24 желтоқсанда № 159 болып тіркелді «Вечерняя Астана» от 29 декабря 2001 года № 153 (1062), «Астана ақшамы» 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 163 газетердің нөмерлерінде жарияланған).
2. «Астана қаласының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 104-1613 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 7 желтоқсанда № 752 болып тіркелген). «Астана ақшамы» 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 141 (2902); «Вечерняя Астана» от 11 декабря 2012 года № 147 (2912) газеттерінде жарияланған.
3. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 205-1933 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 1 ақпанда № 768 болып тіркелген). «Вечерняя Астана» от 16 декабря 2013 года № 21-22 (2943); «Астана ақшамы» 2013 жылғы 16 желтоқсандағы № 20 (2930) газеттерінде жарияланған.
4. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 106-1923 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 8 ақпанда № 769 болып тіркелген). «Вечерняя Астана» от 28 февраля 2013 года № 27 (2948); «Астана ақшамы» 2013 жылғы 28 ақпандағы № 25 (2935) газеттерінде жарияланған.
5. «Астана қаласының Сәулет және құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекеме көрсетілген мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 23 сәуіріндегі № 120-628 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 24 мамырда № 778 болып тіркелген). «Астана ақшамы» 2013 жылғы 4 маусымдағы № 62 (2972); «Вечерняя Астана» от 4 июня 2013 года № 68 (2989) газеттерінде жарияланған.
6. «Денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлаудан, біліктілікті жоғарылату және қайта даярлаудан өткен туралы құжаттарды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 106-899 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 26 маусымда № 782 болып тірекелген). «Вечерняя Астана» 2013 жылдың 29 маусымда № 79 (3000), «Астана ақмашы» 2013 жылғы 2 маусымдағы № 73 газеттерінде жарияланған.