«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 520/75-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 705 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 151 «Астана ақшамы» және № 155 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы З. Шибкенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов