«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 маусымда № 7761 тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдедегі № 405-409 (27483) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 14 наурыздағы № 8377 тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ж.Н. Шаймарданов) осы бұйрықтың көшірмесін заңнамада белгіленген тәртіппен бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.