Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 04.06.2014 № 171 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiнің 23-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (А.Ә. Рахымбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуін;
3) осы бұйрықтың қолданысқа енгізілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануын;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 30 мамырдағы
№ 179 бұйрығымен
бекітілген
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар
мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау
жөніндегі әдістеме
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 25.02.2013 № 50 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген (бұдан әрі – Ереже).
2. Әдістеме бағаланатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуға бағытталған шаралардың тиімділігін айқындауға арналған.
3. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігімен бекітілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Бағалау кестесі) жүзеге асырылады.
4. Тиімділікті бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы жүзеге асырады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
5. Тиімділікке бағалау жүргізу үшін Уәкілетті орган Ереже шеңберінде Бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптамалық қорытынды әзірлеу жөніндегі өңірлік сараптама комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік сараптама комиссиясы) жұмыс органының кіші жұмыс органы болып табылатын лауазымды тұлғалардың қатарынан кіші жұмыс тобын (бұдан әрі – Кіші жұмыс тобы) құрады.
2. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру
тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
6. Тиімділікті бағалау:
республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты стратегиялық жоспарының 2, 3-бөлімдері;
республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Аумақты дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – Аумақты дамыту бағдарламасы) 2, 3, 4-бөлімдері;
Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп;
статистикалық деректердің;
басқа да көздер (болған жағдайда) негізінде жүзеге асырылады.
7. Кіші жұмыс тобы барлық көздерден алынатын мәліметтерге олардың дұрыстығы тұрғысынан талдау жүргізеді.
8. Деректердің дұрыстығы статистикалық деректермен, сондай-ақ салалық атқарушы органдардың деректерімен расталады.
3. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті
ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеру
9. Ереженің 42-тармағына сәйкес Уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеруді жүзеге асырады (бұдан әрі - Қайта тексеру).
10. Қайта тексеру мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының/ Аумақты дамыту бағдарламасының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша ақпараттың дұрыстығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
11. Қайта тексеру Бағалау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Деректерді қайта тексеру растаушы құжаттарды жинақтау және талдау (статистикалық деректер, ведомстволық есептер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері, хаттамалар, хаттар және басқа да ақпарат) жолымен жүзеге асырылады.
13. Қайта тексеру рәсімі бағаланатын мемлекеттік органдардан растаушы құжаттарды сұратудан, есепті ақпаратты салыстырып тексеруден, осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша тексеру актісін (бұдан әрі – Тексеру актісі) жасаудан тұрады.
14. Қайта тексеру шеңберінде Уәкілетті орган құпиялылық грифтері бар құжаттардан басқа, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін алуға құқылы.
4. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау
15. Тиімділікті бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығы;
2) Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу.
16. Тиімділікті бағалау әрбір өлшемнің салмақты мәнін ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
A = (0,2 х B + 0,8 х D) х 100% - W
мұнда:
А – қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау;
В – Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығы, салмақты мәні – 0,2;
D – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті, салмақты мәні – 0,8;
W – балды шегеру.
17. «Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығы» өлшемі бойынша есептеу стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті бөлімдері негізінде жүзеге асырылады.
Талдаудың сапасы мен толықтығының коэффициенті мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, атап айтқанда, Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу, сараптамалық жолмен анықталады.
Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығы коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда,
В – стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығының коэффициенті;
– мемлекеттік орган қызметінің әрбір негізгі саласын/бағытын талдаудың сапасы мен толықтығы коэффициенті;
n – мемлекеттік орган қызметінің негізгі салаларының/бағыттарының жалпы саны.
Егер қызмет саласының екі және одан да астам бағыты болса, онда әрбір бағытқа тиісті коэффициент беріледі.
Жалпы сала бойынша коэффициент бағыттардың санына бөлінген әрбір бағыт бойынша коэффициенттер сомасына тең.
18. Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығын бағалау мемлекеттік орган қызметінің негізгі салалары/бағыттары бөлінісінде және тиісті бөлімдердің өзара байланысына және осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) стратегиялық жоспар шешіміне бағытталған халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін тиісті талдаумен реттелетін саладағы/бағыттағы негізгі проблемаларды айқындау;
2) стратегиялық жоспардың екінші бөлімінің үшінші бөлімімен, Аумақтарды дамыту бағдарламасының екінші, үшінші бөлімдерінің төртінші бөлімімен өзара байланысы.
Бұл ретте мемлекеттік орган қызметінің әрбір негізгі саласы/бағыты жоғарыда аталған екі параметр бойынша мынадай формула бойынша бағаланады:
Әрбір жоғарыда көрсетілген параметрге тиісті коэффициент 1;0,5;0 беріледі.
Бірінші параметр бойынша:
егер стратегиялық жоспарда/Аумақты дамыту бағдарламасында барлық негізгі проблемалар халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін тиісті талдаумен көрсетілген болса, онда
егер стратегиялық жоспарда/Аумақты дамыту бағдарламасында негізгі проблемалар халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін ішінара және/немесе толық емес талдаумен көрсетілген болса, онда
егер стратегиялық жоспарда/Аумақты дамыту бағдарламасында негізгі проблемалар көрсетілмеген болса және/немесе халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктеріне талдау жүргізілмесе, онда
Екінші параметр бойынша :
егер стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдау (көрсетілген проблемалар, даму басымдықтары және т.б.) тиісті салада/бағытта көзделген нысаналы индикаторлар/көрсеткіштер/ іс-шаралар арқылы көрсетілген стратегиялық жоспардың үшінші бөлімімен/Аумақты дамыту бағдарламасының төртінші бөлімімен өзара байланыста болса, онда ;
егер стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдау (көрсетілген проблемалар, даму басымдықтары және т.б.) тиісті салада/бағытта стратегиялық жоспардың үшінші бөлімімен/Аумақты дамыту бағдарламасының төртінші бөлімімен ішінара өзара байланыста болса және нысаналы индикаторлар/ көрсеткіштер/іс-шаралар толық көрсетілмесе, онда
егер стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдау (көрсетілген проблемалар, даму басымдықтары және т.б.) тиісті салада/бағытта стратегиялық жоспардың үшінші бөлімімен/Аумақты дамыту бағдарламасының төртінші бөлімімен өзара байланыста болмаса, онда
Бұл ретте екінші параметр шеңберінде бірыңғай тізбе көрсеткіштерінен басқа өңірдің ерекшелігін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың өздері Аумақты дамыту бағдарламасына қосылған көрсеткіштер талданады.
19. «Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» өлшемі мақсаттарға қол жеткізу коэффициентін есептеу арқылы айқындалады. Мақсаттарға қол жеткізу коэффициенті өз кезегінде екі құрамдауыштан тұрады: тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу коэффициенті, тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған міндеттемелерді іске асыру коэффициенті.
20. «Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» өлшемінің коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
D – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті;
Хi – тиісті міндеттерге сәйкес әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициенті;
n – мақсаттардың саны.
Тиісті міндеттерге (Хi ) сәйкес әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Хi = Ki х Yi ,
мұнда:
Ki – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсатқа қол жеткізу коэффициенті;
Yi – тиісті мақсатты іске асыру жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру коэффициенті.
Мақсатқа қол жеткізу коэффициенті (Ki) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
hi – тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті;
m – тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін көзделген нысаналы индикаторлардың жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде орындалғанның (жақсарғанның немесе нашарлағанның) жоспарланған жақсартуға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады:
Бұл ретте, егер, hi 1 болса, онда hi = 1, егер hi < 0, онда hi = 0.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңге жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды;
бағалау жүргізу кезінде ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда, есепке шұғыл деректер алынады. Шұғыл деректерді ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде, нысаналы индикатор есепке мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті мақсатын іске асыру жоспарланған міндеттерді іске асыру коэффициенті (Yi), тиісті міндетті орындауда көзделген тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішіне қол жеткізілуді талдау жолымен айқындалады.
Тиісті мақсатты іске асыру жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру дәрежесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
– тиісті мақсатты іске асыру жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру коэффициенті;
– стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының әрбір міндетін іске асыру коэффициенті;
– тиісті мақсатты іске асыру жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасы міндеттерінің жалпы саны.
Бұл ретте, стратегиялық жоспардағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы әрбір міндетті іске асыру коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
– стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыруда көзделген тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішін іске асыру коэффициенті;
r – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыруда көзделген тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыруда көзделген стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының pg тікелей нәтижесінің әрбір көрсеткішіне қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсартылған немесе нашарланған) жоспарланғанға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, егер pg 1 болса, онда рg=1, егер pg<0, болса, онда pg = 0.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ тікелей нәтиже көрсеткіші міндетке қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды;
бағалау жүргізген ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда, есепке шұғыл деректер алынады. Шұғыл деректерді ұсыну мүмкін болмаған кезде, тікелей нәтиже көрсеткіші міндеттерді іске асыру коэффициентінің есебіне алынбайды.
5. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
21. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметі тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Қорытынды мынадай тәртіпте жасалады:
«Балдар» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде балдар көрсетіледі;
«Коэффициент» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде коэффициенттер көрсетіледі;
«Балдарды шегеру» деген жолда осы Әдістеменің 8-бөліміне сәйкес шегерілген балдар көрсетіледі;
«Жалпы баға» деген жолда осы Әдістеменің 15-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген жалпы балл көрсетіледі.
«Жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар» деген бөлімде жергілікті атқарушы орган жоспарлаған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру нәтижелеріне толық талдау келтіріледі, оның ішінде:
Стратегиялық жоспарды/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығын талдау.
стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау.
балдарды шегеру туралы ақпарат.
Бұдан басқа, осы бөлімде бағалаудың нәтижелеріне байланысты тиісті тұжырымдар көрсетіледі.
«Жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар» деген бөлімде мемлекеттік орган қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар, сондай-ақ өзге де ұсынымдар толығымен сипатталады.
6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімі
22. Қорытындыны алған сәттен бастап бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға өзінің наразылықтарын жолдайды.
23. Бағалау нәтижелеріне шағымдану растаушы құжаттарды ұсынумен негізделген және тиянақты болуы тиіс. Растаушы құжаттарсыз наразылықтар және мемлекеттік жоспарлау және стратегиялық жоспарларды/Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу қағидалары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне қайшы келетін негіздемелер қаралмайды.
24. Бағалау нәтижелеріне наразылықтар болмаған жағдайда, бағаланатын мемлекеттік орган 5 жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама жібереді. Бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін қабылданбайды.
25. Шағымдану рәсімін өткізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын Арнайы комиссия құрылады.
Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды.
Арнайы комиссияның құрамында кемінде 5 адам болады.
26. Бағаланатын мемлекеттік органдардың растаушы құжаттары бар наразылықтарын алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесін (бұдан әрі - Келіспеушіліктер кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
27. Арнайы комиссия наразылықтар ұсынған бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер шақырылған наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін айқындау бойынша отырыстар өткізеді.
28. Арнайы комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша Келіспеушіліктер кестесі пысықталып, оған Арнайы комиссия төрағасы қол қояды және бағаланатын мемлекеттік органның назарына жеткізіледі.
29. Бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтарын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сараптау комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға қорытынды тұжырымдарды жолдайды.
7. Қайта құрылған және таратылған мемлекеттік
органдарға бағалау жүргізу тәртібі
30. Мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы мемлекеттік органның бағалауы осы әдістемеге сәйкес құқықтық мирасқор мемлекеттік органның бағалауы шеңберінде жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында оның қызметіне бағалау жүргізілмейді, ал осы мемлекеттік орган қызметін талдау нәтижелері құқықтық мирасқор мемлекеттік органға бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу кезінде ескеріледі.
8. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратының
уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін айқындау рәсімі
32. Бағаланатын мемлекеттік орган Бағалау кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға нақты және дәйекті жасалған есепті ақпаратты уақтылы ұсынады.
33. Есепті ақпарат уақтылы, толық емес және дәйекті ұсынылмаған жағдайда, бұл бағыт бойынша мемлекеттік органның қорытынды бағалауынан айыппұлдық балдар шегеріледі.
34. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау кестесінде көзделген мерзімнен кейін ұсынылған есепті ақпарат уақтылы емес деп танылады. Мемлекеттік органның есепті ақпаратты уақтылы ұсынбағаны үшін 1,5 (бір жарым) айыппұлдық балы шегеріледі.
35. Есепті ақпараттың құрылымына қойылатын белгіленген талаптарда көзделген (ұсыныстар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштер мәні және т.б.) элементтері жоқ есепті ақпарат толық емес деп танылады.
Мемлекеттік органның толық емес ақпаратты ұсынғаны үшін 2 (екі) айыппұлдық балы шегеріледі.
36. Қайта тексеру барысында шындыққа сай келмейтін фактілер анықталған есепті ақпарат дәйектi емес деп танылады.
Көрсетілген фактілер Тексеру актісінде тіркеледі.
Әрбір тіркелген фактіге мемлекеттік органның есепті ақпаратын дәйектi ұсынбағаны үшін 0,2 айыппұлдық балы шегеріледі. Шынайы емес ақпаратты ұсынғаны үшін айыппұлдық балдарының шегерілген сомасы 5 (бес) балдан аспауы тиіс.
37. Шегерімдер туралы ақпарат Қорытындыда «Жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау жөніндегі талдамалық есеп және тұжырымдар» деген бөлімде көрсетіледі.
Қадағаланатын саладағы /аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру
тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
нысан
Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру
қорытындылары бойынша тексеру актісі
_____________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есеп беру кезеңі)
№ |
Атауы |
Шегерілетін балдар |
1 |
Есепті ақпараттың уақтылы ұсынылмауы |
|
2 |
Толық емес ақпараттың ұсынылуы |
|
3 |
Дұрыс емес ақпараттың ұсынылуы |
|
Барлығы: |
1. Мемлекеттік органның бағалау кестесіне сәйкес есепті ақпаратты ұсыну мерзімі:
201_ жылдың «____»________.
Есепті ақпараттың ұсынылатын нақты күні: 201_ жылдың «____»________.
Шегеру балы: ______
2. Толық ақпарат ұсынылмаған, оның ішінде есепті ақпараттың құрылымына қойылатын белгіленген талаптармен көзделген мынадай элементтер көрсетілмеген (қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.):
1)
2)
...
Шегеру балы: ______
3. Дұрыс емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында фактілерге мынадай сәйкессіздіктер анықталды:
№ |
Нысаналы индикатордың/тікелей нәтиже көрсеткішінің атауы |
Есепті кезеңнің жоспары |
Есепті кезеңнің факті |
Қайта тексеру қорытындылары бойынша есепті кезеңнің факті |
Балдарды шегеру |
Ескерту |
1 |
||||||
... |
Шегеру балы: ______ балл.
Шегеру қорытындысы: ______ балл.
Уәкілетті органның өкілі, лауазымы ______ ______ __________________
(күні) (қолы) (қолды таратып жазу)
Бағаланатын мемлекеттік органның ______ ______ ____________________
өкілі, лауазымы (күні) (қолы) (қолды таратып жазу)
Қадағаланатын саладағы/аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру
тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге
2-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың қызметі салаларының тізбесі
№ |
Мәні |
Саланың/бағыттың атауы |
Деректеме |
1 |
Сала |
Экономика: |
Ереже |
1.1 |
Бағыт |
Өнеркәсіп |
Ереже |
1.2 |
Бағыт |
Агроөнеркәсіп кешені |
Ереже |
1.3 |
Бағыт |
Шағын және орта бизнес, сауда |
Ереже |
1.4 |
Бағыт |
Инновациялар мен инвестициялар |
Ереже |
2 |
Сала |
Әлеуметтік сала: |
Ереже |
2.1 |
Бағыт |
Білім |
Ереже |
2.2 |
Бағыт |
Денсаулық сақтау |
Ереже |
2.3 |
Бағыт |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау |
Ереже |
2.4 |
Бағыт |
Мәдениет және тілдерді дамыту |
Ереже |
2.5 |
Бағыт |
Дене шынықтыру және спорт, туризм |
Ереже |
2.6 |
Бағыт |
Ішкі саясат |
Ереже |
2.7 |
Бағыт |
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп |
Ереже |
3 |
Сала |
Инфрақұрылым: |
Ереже |
3.1 |
Бағыт |
Байланыс және коммуникация |
Ереже |
3.2 |
Бағыт |
Құрылыс |
Ереже |
3.3 |
Бағыт |
Жолдар және көлік |
Ереже |
3.4 |
Бағыт |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
Ереже |
4 |
Сала |
Жерге орналастыру |
|
5 |
Сала |
Ауылдық аумақтарды дамыту |
Ереже |
6 |
Сала |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету |
Ереже |
7 |
Сала |
Қоршаған ортаны қорғау |
Ереже |
Қадағаланатын саладағы/аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру
тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге
3-қосымша
нысан
Қадағаланатын саладағы /аядағы /өңірдегі стратегиялық мақсаттар
мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау
нәтижелері туралы қорытынды
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есеп беру кезеңі)
№ |
Бағалау өлшемдері |
Коэффициент |
Балы |
1 |
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасын талдаудың сапасы мен толықтығы |
||
2 |
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу |
||
Балды шегеру |
|||
Жалпы баға: |
Жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар
_____________________________________________________________________
Облыс әкім аппаратының
құрылымдық бөлімшесінің/
мемлекеттік органның басшысы ______ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік органның
тиісті құрылымдық
бөлімшесінің басшысы _______ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Қадағаланатын саладағы /аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру
тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге
4-қосымша
нысан
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері
бойынша келіспеушіліктер кестесі
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
«Қадағаланатын саладағы /аядағы /өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша
№ |
Мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның қорытындысы |
Бағаланатын мемлекеттік органның наразылығы |
Шағымдану қорытындысы бойынша шешім (қабылданды/қабылданбады) |
Ескерту (наразылықты қабылдау/қабылдамау негіздемесі |
1 |
||||
1 |
||||
2 |
||||
... |
Тұжырымдар: 1-өлшем бойынша: _______________________________________;
2-өлшем бойынша: ___________________________________________________;
Шағымдану қорытындыларын ескере отырып, жалпы балл ___________.
Комиссия төрағасы, лауазымы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Шағымдану қорытындыларымен таныстым
Бағаланатын мемлекеттік органның
өкілі, лауазымы __________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«____»______________20___ж.