«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 20/217 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8503 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департамент! заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Мамытбеков