«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Мұнай газ саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 184 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қарашада № 8904 тіркелген «2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» және 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (27635 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған);
2) «Электр энергетикасы аясындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 419 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қаңтарда № 9083 тіркелген 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (28296) «Егемен Қазақстан» және 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (27693) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күштер: жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күннен бастап күшіне енеді.
Министр В. Школьник