"Мұнай газ саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 184 бұйрығының және "Электр энергетикасы аясындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 419 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 262 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Мұнай газ саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 184 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қарашада № 8904 тіркелген «2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» және 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (27635 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған);
      2) «Электр энергетикасы аясындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 419 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қаңтарда № 9083 тіркелген 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (28296) «Егемен Қазақстан» және 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (27693) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күштер: жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3) Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             В. Школьник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады