Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 3 626 177 218,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 083 554 690,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 71 428 742,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 736 469,4 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1 447 457 315,7 мың теңге;
2) шығындар - 3 860 974 242,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 35 981 195,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 138 296 647,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 102 315 452,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 284 011 052,1 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 284 711 093,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 700 040,9 мың теңге;
5) тапшылық - (-)554 789 270,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 554 789 270,7 мың теңге.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы О. МҰХАМЕДЖАНОВ