Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Парламентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 121 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемде бекітілсін:
      1) кірістер - 3 626 177 218,7 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер - 2 083 554 690,6 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер - 71 428 742,9 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 736 469,4 мың теңге;
      трансферттер түсімдері - 1 447 457 315,7 мың теңге;
      2) шығындар - 3 860 974 242,0 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредит беру - 35 981 195,4 мың теңге, оның ішінде:
      бюджеттік кредиттер - 138 296 647,8 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу - 102 315 452,4 мың теңге;
      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 284 011 052,1 мың теңге, оның ішінде:
      қаржы активтерін сатып алу - 284 711 093,0 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 700 040,9 мың теңге;
      5) тапшылық - (-)554 789 270,7 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 554 789 270,7 мың теңге.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Парламенті Мәжілісінің
      Төрағасы                                   О. МҰХАМЕДЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады