Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңының 2-бабы 1991 жылғы 10 желтоқсаннан кейін қабылданған заң актілеріне қолданылатын болып белгіленсін.
2. 1991 жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданған заңдар және үкімет пен басқару органдарының басқа да актілерінің, егер ол актілерге тиісті тәртіппен өзгерістер енгізілмесе, аталуы мен мазмұн нұсқасы сақталады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы |
С.ӘБДІЛДИН |