Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы
Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу принциптеріне адам құқы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқылы мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін.
2. Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі Заңы) мен Қазақ ҚСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР заңдарына және Қазақ КСР мемлекеттік органдарының өзге де актілеріне тиісті өзгерістер енгізілсін.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының |
|
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ. |