Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет
кодексiне
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
10-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың 2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1354 қаулысына
10-ҚОСЫМША
Ескерту. 10-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.25. N 509 қаулысымен.
106 - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн
қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26368 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі бюджет
кодексi
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегi
Жарлығы
; "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы N 10 желтоқсандағы N 992
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындау үшiн Адам құқықтары жөнiндегi Уәкiлдiң және Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк саласында бiлiм бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiм мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымды-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiгiн арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Адам құқық-
тары жөнiн-
дегi уәкiл-
дiң қызме-
тiн қамта-
масыз ету
2 001 Орталық Жүктелген функция- Жыл Адам құқықтары
органның лар мен мiндет- бойы жөнiндегi
аппараты тердi барынша ұлттық орталық
тиiмдi орындау
үшiн штат санын
бекiтiлген лими-
тiне сәйкес 15
бiрлiк көлемiнде
Адам құқықтары
жөнiндегi Уәкiлдi
ұстау. Саны 2
бiрлiк деп бекi-
тiлген лимит
негiзiнде қызметтiк
автомашиналарды
жалдау. Есептеу
техникаларына және
басқа негiзгi
жабдықтарға қызмет
көрсету, оның iшiн-
де: ксерокс 1 бiр-
лiк, факс 2 бiр-
лiк, телекоммуни-
кациялық қызметтi
төлеу, шығын
материалдарын,
шаруаға қажет
тауарлар сатып
алу.
3 007 Мемлекет- Бекiтiлген бiлік- Жыл Адам құқықтары
тiк қыз- тілiгiн арттыру бойы жөнiндегi
метшiлер- жоспарына сәйкес ұлттық орталық
дiң бiлiк- мемлекеттiк қыз-
тiлiгiн метшiлердiң
арттыру біліктiлiгiн арт-
тыру бойынша көр-
сетiлетiн қызмет-
тердi сатып алу,
соның iшiнде
мемлекеттiк тiлдi
оқыту. Білікті-
лігiн арттыру
курстарынан
өтiп жатқан
мемлекеттік қыз-
метшiлердiң орта-
ша жылдық саны 15
адам.
4 009 Мемлекет- Активтердi мүлiк- нау- Адам құқықтары
тiк ор- тену; кеңсе жиһазы рыз, жөнiндегi
гандарды - 1 жиынтық, жұм- сәуір ұлттық орталық
материал- сақ жиһаз - 1
дық-тех- жиынтық.
никалық
жарақтан-
дыру
5 017 Ақпарат- Есептеу техникала- Жыл Адам құқықтары
тық жүйе- рына және басқа бойы жөнiндегi
лердiң негiзгi жабдықтарға ұлттық орталық
жұмыс iс- жұмыс станциялары
теуiн - 15 бiрлiк,
қамтама- cepвep - 1 бiрлiк,
сыз ету сканер - 1 бiрлiк,
және принтерлер - 10 бiр-
мемле- лiк, телекоммуни-
кеттiк кациялық қызмет
органдар- сатып алу, шығын
ды ақпа- материалдарын
раттық- сатып алу.
техника-
лық қам-
тамасыз
ету
____________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер Мемлекеттiк органның үздiксiз жұмысы, адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталыққа жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақытылы орындау, қызметкерлердiң бақылау жүргiзуге қажеттi профессионалдық бiлiмi және тәрбиесiн көтеру.