Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
450-қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
450-ҚОСЫМША
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Сайлау өткiзудi ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 5119009 мың теңге (бес миллиард бір жүз он тоғыз миллион тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық
заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi iске асыру, сайлау өткiзу кезiнде аумақтық, округтiк және учаскелiк комиссияларға басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн көтеру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Сайлау өткiзудi ұйымдастыру |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Республика аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оның бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру, Парламент Сенаты депутаттарының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнің сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық жасау. Сайлау комиссияларына сайлау жөнiнде басшылық жасауды жүзеге асыру, олардың арасында сайлау науқанын өткiзу үшiн бөлiнген республикалық бюджет қаражатын бөлу. |
Жыл бойы |
Орталық сайлау комиссиясы |
3 |
|
007 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
Мынадай тақырыптар бойынша мемлекеттiк қызметшiлердің бiлiктілiгін арттыру жөнiндегі қызметтердi сатып алу:
|
Жыл бойы |
Орталық сайлау комиссиясы |
4 |
|
009 |
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Мамандандырылған жабдықтарға, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және жетiлдiру.
|
Жыл ішінде |
Орталық сайлау комиссиясы |
5 |
|
100 |
Сайлау өткізу |
Шығып қалғандардың орнына Қазақстан Республикасы Парламентiнің Сенаты мен Мәжiлісiнің депутаттарын сайлауды, мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауын, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiн сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру, соның iшiнде: сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайларды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға еңбекақы төлеуге; кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне; сайлау алдындағы көпшілiк шараларын өткізуге; көлiкке жұмсаған шығындарын жабу. Сайлау комиссияларының мүшелерiмен сайлауды әзiрлеу мен өткізу жөнiнде екi семинар және оқу өткiзу. |
Жыл бойы |
Орталық сайлау комиссиясы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
- Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметкерлерi мен мүшелерiнің кәсiби деңгейiн арттыру;
- саны 30 аппарат қызметкерiне мемлекеттiк тiлдi, саны 20 адамға ағылшын тiлiн оқыту.
Түпкi нәтиже:
- сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткiзу;
- мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттырудағы қажеттiлiктi - 8 пайызға, мемлекеттiк тiлдi оқытудағы қажеттiлiктi - 59 пайызға, ағылшын тiлiн оқытудағы қажеттiлiктi 39 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- бюджет қаражатын сайлауды өткiзу жөнiндегi iс-шараларға жұмсалатын қаржы қаражатын тиiмдi пайдалану;
- бiр мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 50,4 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк тiлдi оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 53,0 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге ағылшын тiлiн оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 16,5 мың теңге;
- бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру.
Уақтылығы:
- іс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес жүзеге асыру.
Сапасы:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын iске асыруын қамтамасыз ету;
- қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерiнің, мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейiн арттыру;
- мемлекеттiк тiлдi үйрену курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 20 пайыз iс қағаздарын мемлекеттiк тілде жүргiзетiн болады;
- ағылшын тiлiн үйрену курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 10 пайыз ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн болады;
- бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердiң 10 пайыз жоғары кәсiбилiкпен жұмыс iстейтiн болады.