Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
5 ,
6-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
5-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 5107544 мың теңге (бес миллиард бiр жүз жетi миллион бес жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық
заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасы туралы" Ережесi.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Парламенттің заң шығару және ұйымдастырушылық қызметiн қолдау және оған жәрдемдесу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшiн жағдайлар жасау; басқа елдер Парламенттерiмен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Парламент қызметiн қамтамасыз ету, яғни 116 депутатты қамтамасыз ету депутаттарды, ақшалай қамтамасыз етудi қамтиды, оның iшiнде:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
3 |
|
007 |
Мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілiгін арттыру |
Бес бағыт бойынша мемлекеттiк қызметшiлердің біліктілiгін арттыру жөнiндегі қызметтерге ақы төлеу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
4 |
|
009 |
Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Парламенттi және оның аппараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды ҚР Парламентi ШБ ведомстволық кәсiпорындарының балансына беру ("Қазақстан Республикасы Парламентi ШБ ҚТYПД" РМҚК, "Қазақстан Республикасы Парламентi ШБ ӘҒД" РМҚК, "Қазақстан Республикасы Парламентi ШБ Автошаруашылығы" РМК). |
Ақпан-қараша |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
5 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету;
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
Қазақстан Республикасы Парламентiнің тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету.
240 адамның кәсiптiк деңгейiн арттыру.
300 адамды мемлекеттiк тiлде оқыту.
280 адамды ағылшын тiлiне оқыту.
Түпкi нәтиже:
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының жұмыс iстеуi мен тұруы үшiн жағдай жасалады.
56,0 % мемлекеттiк қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, мемлекеттiк қызметкерлердің 70,0%-нің мемлекеттiк тiлде оқу, мемлекеттiк қызметкерлердің 65,0%-нің ағылшын тiлiн оқу қажеттiлiгi қамтамасыз етiледi.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бiр қызметкердің кәсiптiк деңгейiн арттыруға шығатын орташа шығыс 10,3 мың теңге.
Бiр қызметкердi мемлекеттiк тiлге оқытуға шығатын орташа шығыс 34,7 мың теңге.
Бiр қызметкердi ағылшын тiлiне оқытуға шығатын орташа шығыс 21,4 мың теңге.
Республикалық бюджеттiк қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану.
Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезектi сессияға арналған негiзгi iс-шараларының жоспарларында бекiтiлген мерзiмдерге сәйкес заң жобаларын шығару.
Сапасы:
Қабылданатын заңдардың сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
6-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Заң жобалары мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының бюджеттiк
Кодексi
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы
Заңы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Парламенттің заң шығару қызметi жөнiндегi ақпаратқа жеке және заңдық тұлғаларға уақытылы әрi сенiмдi қол жеткiзу және заң жобаларын қабылдау әрi қолданыстағы заңдардың тиiмдiлiгi жөнiндегi мәселелердi бұқаралық сипатта және қызу талқылау мүмкiндiгiнің болуы.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: өңiрлердегi жұмысы кезiнде депутаттық корпус yшiн ақпаратпен жұмыс iстеудің бiрыңғай кеңiстiгiн құру, ақпаратты жинау әрi алмасу үшiн қызметкерлердiң топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бiрыңғай технологиясын құру, мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттiк басқару органдары мен азаматтарға, оларға берiлген қол жеткiзу құқықтарына сәйкес, барлық қолжетiмдi көздердің ақпаратына электронды сәйкестендiрiлген құжатта негiзделген әмбебап қол жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Заң жобалары мониторингiнiң автоматтандырылған жүйесiн құру |
"Заң жобаларының мониторингiсi" жобасын басқару;
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындалудан күтiлетiн нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Енгiзiлген кiшi жүйелер.
- "Заң жобасы". Кiшi жүйенiң негiзгi бағыты: Парламент, Сенат пен Мәжіліс регламенттерiне сәйкес қаралатын заң жобаларын қадағалау және бақылау, заңдық процедуралардың барлық операцияларын қолдау, архивтердi жүргiзу және Интернет жергiлiктi желiсi мен Интернеттiң ғаламдық желiсiнде деректердi көрсету;
- "Парламенттiң ақпараттық қоры". Кiшi жүйенiң негiзгi бағыты. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң қызметi жөнiндегi ағымдағы жұмысы мен жұмыс кезеңдерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламентiнің Сенат пен Мәжiлiс палаталарының, сонымен қатар олардың құрылымдық бөлiмшелерін, заң жұмысына байланысты ақпараттың барлық түрлерiне жедел және шынайы қол жеткiзу;
- "Электоратпен байланыс" Кiшi жүйенiң бағыты: Интернеттің ғаламдық желісiнде сайлаушылармен сұхбатты қамтамасыз ету, интерактивтi сауалтерiмдi және форумдар өткiзу, бекiтiлген тақырыптама бойынша аудио-, бейнеконференциялар және брифингтер өткiзу;
- "Депутат сайты". Кiшi жүйенің негiзгi бағыты: Интернеттің ғаламдық желісiн және Парламенттің iшкi желiсiн пайдаланушыларға әр депутат бойынша көлемдi ақпаратты және электоратпен керi байланысты беру.
Әзiрленетiн кiшi жүйелер:
- "Деректер қоймасы". Кіші жүйенің негiзгi бағыты: материалдарды сақтау, сұралынған ақпарат енгiзу, iздеу және шығаруды автоматтандыру;
- "Парламент кiтапханасы". Кiшi жүйенiң бағыты: Парламенттің кiтапханалық қорын есептеудің технологиялық процесін, енгізудi, тiркеуді, сонымен қатар электрондық түрдегi кiтаптар мен периодикаға қол жеткізудi автоматтандыру;
- "Отырыс". Кiшi жүйенің бағыты: бюро, пленарлық және бiрлескен отырыстарды өткiзу кезiнде барлық ілеспелi ақпарат электрондық түрде беру.
Түпкi нәтиже:
Парламент жұмысынан айқындылығын және жұртшылықпен керi байланыстың болуын қамтамасыз ету; депутаттық корпустың заң шығармашылық қызметiне қажеттi ақпараттың барлық түрлерiне бiрегей қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиiмдiлiгi:
Жобаны жүзге асырудың экономикалық тиiмдiлiгi заң жобаларын қарауға арналған шығыстарды азайту есебiмен түскен табыс өсiмiмен көрсетiлген, яғни заң күшiн алған қаралудағы заң жобаларының санын өсiру есебiмен.
Заң жобаларын қарау шығыстары бағдармен 22 % қысқартылады.
Уақтылығы:
Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалынған шарттарда көрсетілген мерзiмдерге сәйкес.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң шығармашылық қызметi туралы уақытылы және сенiмдi ақпарат алу.