Қазақстан Республикасының 2001ж. 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармақшасын және Қазақстан Републикасының 2002 ж. 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8 тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеренариялық - санитарлық инспекторының 2011 жылғы 07 қыркүйектегі № 28 ұсынысы негізінде, Жыланды ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жыланды ауылдық округінің "Жыланды" ауылына ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауыруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
2. Жыланды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 13 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.
Жыланды ауылдық округі әкімінің | А. Джунисбеков |