Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 13 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 18 тамызда N 2-5-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қыркүйектегі № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 25.09.2011 № 15 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 19 мамырындағы N 12 ұсынысы негізінде Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жыланды ауылдық округінің "Жыланды" ауылына ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі:

М. Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады