Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданы әкімінің 10 қаңтар 2012 жылғы "1995 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1 ақпан 2012 жылы № 2-19-126 болып енгізілген, 17 ақпан 2012 жылы "Іле өңірі – Или тәвәси" газетінде № 7 жарияланған) № 01-01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | К. Омаров |