Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 02.04.2012 № 04-05 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы, Арзиев көшесі, №61 мекен–жайында орналасқан "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген мерзімде "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Омаров |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ұйғыр ауданының қорғаныс істері | |
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Оспанов Аскар Советханович |