Ұйғыр ауданы әкімінің 10 қаңтар 2012 жылғы № 01-01 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 04-05 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданы әкімінің 10 қаңтар 2012 жылғы "1995 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1 ақпан 2012 жылы № 2-19-126 болып енгізілген, 17 ақпан 2012 жылы "Іле өңірі – Или тәвәси" газетінде № 7 жарияланған) № 01-01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

      Аудан әкімі К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады