Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы " Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 02-07-494 хатына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 375 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акті 2012 жылы 13 қыркүйегінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2148 нөмірімен тіркелген, "Жаңаөзен" газетінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 38 (1581) шығарылымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Д. Есеноваға жүктелсін.
3.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. | Т. Көшмағанбетов |