Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 375 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 423 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы " Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 02-07-494 хатына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 375 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акті 2012 жылы 13 қыркүйегінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2148 нөмірімен тіркелген, "Жаңаөзен" газетінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 38 (1581) шығарылымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Д. Есеноваға жүктелсін.

       3.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а. Т. Көшмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады