Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бiрыңғай тарифiн белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 375 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қыркүйекте № 2148 тіркелді. Күші жойылды -Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 423 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 23.07.2013 № 423 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республиксының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 40 (қырық) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Көшмағанбетовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі С. Трұмов

      Келісілді:

      Жаңаөзен қалалық

      мәслихатының хатшысы:

      С. Мыңбай

      29 тамыз 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады