Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К.Ермекбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Куликешев |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17- 11 шешіміне қосымша |
Бөрлі аудандық мәслихат шешімдерінің тізбесі
1) Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-6 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-131 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымдағы "Бөрлі жаршысы– Бурлинские вести" газетінің № 41 жарияланған) шешімі;2) Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-4 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-6 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-132 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінің № 53 жарияланған) шешімі.
3) Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-6 "Бөрлі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйектегі "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінің № 54 жарияланған) шешімі;
4) Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 7-3 "2012 жылғы 19 шілдедегі № 5-6 "Бөрлі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3158 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпандағы "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінің №6 жарияланған) шешімі.