Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 мамырда № 7-3-131 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 17-11 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына келесі әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012.07.19 № 5-4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімімен;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және мүгедектерге, ай сайын - 3 000 теңге мөлшерінде; Жеңіс Күніне орай біржолғы – 50 000 теңге;
      3) бұрынғы Кеңес Социалистік Республика Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде; Жеңіс Күніне орай біржолғы – 10 000 теңге;
      4) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңес Социалистік Республика Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде;
      5) Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республика Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер,ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде;
      6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде;
      7) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердің отбасыларына, ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республика Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, ай сайын 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Жеңіс Күніне орай біржолғы – 5 000 теңге;
      9) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012.07.19 № 5-4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімімен;
      10) Чернобыль атом электростансасындағы апаттық, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнің радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына, ай сайын - 2 000 теңге мөлшерінде.
      11) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген қаражат шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012.07.19 № 5-4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімімен;
      2.
      1) өрт, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апат сияқты төтенше жағдайларға зардап шеккен отбасыларына біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) амбулаторлық емделудегі туберкулез және онкология сырқаттарына, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3-1) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Мемлекеттік мерекелерге және мерекелік даталарға:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, біржолғы - 10 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 теңге;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, біржолғы - 3 000 теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне), біржолғы - 5 000 теңге;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, біржолғы - 10 000 теңге;
      1986-1987 жылдары атом электрстансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электрстансасындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларына, біржолғы - 10 000 теңге;
      саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға, біржолғы - 5 000 теңге;
      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, біржолғы - 5 000 теңге;
      100, 90 жасқа толған және одан асқан адамдарға біржолғы - 50 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тісті тегін протездеуге.
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда - 3000 теңге.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012.07.19 № 5-4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімімен;
      3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Пак
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 3-6 шешіміне қосымша

Бөрлі аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы № 18-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-91 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің № 29 жарияланған);
      2. Бөрлі аудандық мәслихатының "2010 жылғы 3 наурыздағы № 18-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 19 мамырдағы № 20-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-98 тіркелген, 2010 жылғы 18 маусымдағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің № 49 жарияланған);
      3. Бөрлі аудандық мәслихатының "2010 жылғы 3 наурыздағы № 18-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 қазандағы № 23-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-104 тіркелген, 2010 жылғы 7 желтоқсандағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің № 97-98 жарияланған);
      4. Бөрлі аудандық мәслихатының "2010 жылғы 3 наурыздағы № 18-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 28-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-114 тіркелген, 2011 жылғы 17 тамыздағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің № 65 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады