Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-6 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдеде № 5-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 тамызда № 7-3-132 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 17-11 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 3-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-131 тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымдағы "Бурлинские вести – Бөрлі жаршысы" газетінің № 41 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      1), 9) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген қаражат шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну.";
       2 тармақта "Аудандық комиссия шешімімен:" сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшада "комиссия белгілеген мөлшерінде жылына екі реттен артық емес" деген сөздер "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      4) тармақшасы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      "1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда - 3000 теңге.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрайымы Л. Кусаинова
      Мәслихатының хатшысы А. Куликешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады