"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 468 ұсынысы негізінде Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ :
1. Балпық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 10 шілдеде 2768 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 18 шілдеде № 29 (7293 "Қаратал" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әкім | Ғ. Увалиев |