Балпық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 9 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 12 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 05 қарашадағы № 468 ұсынысы негізінде Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ :

      1. Балпық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 10 шілдеде 2768 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 18 шілдеде № 29 (7293 "Қаратал" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Әкім Ғ. Увалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады