Қаратөбе ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1. 2009 жылғы 9 қаңтардағы №38 "Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-9-74 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпандағы №8 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысы;
2. 2009 жылғы 4 қыркүйектегі №155 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы "Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-9-86 тіркелген, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №38-39 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысы;
3. 2010 жылғы 14 мамырдағы №76 "2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-9-96 тіркелген, 2010 жылғы 11 маусымдағы №23 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысы;
4. 2013 жылғы 29 наурыздағы №75 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3266 тіркелген, 2013 жылы 03 мамырдағы №18 "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысы.
Аудан әкімі | А.Шахаров |