Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі тізімдегі мекемелер мен кәсіпорындарға үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны – 2 жұмыс орын;
2) "Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі – 3 жұмыс орын;
3) "Қаратөбе аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі – 1 жұмыс орын;
4) "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын" – 1 жұмыс орын;
5) "Қаратөбе ауданының N 21 кәсіптік мектебі" мемлекеттік мекемесі – 1 жұмыс орын;
6) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009.09.04 N 155 Қаулысымен.
7) Аудандық пошта байланыс торабы – 1 жұмыс орын;
8) Қаратөбе ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасы Әділет Министрілігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Батыс Қазақстан облысы халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесі филиалы - 1 жұмыс орын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |