Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы "Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 155 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қыркүйекте № 7-9-86 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 09.10.2014 № 149 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің "Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 9 қантардағы N 38 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріне № 7-9-74 болып енгізілген, 2009 жылы 20 ақпанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулының 1 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады