2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 маусымдағы «Еңбекшілдер ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № а-5/177 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 4278 болып тіркелген, 2014 жылдың 15 тамызында «Жаңа дәуір» және «Сельская новь» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Шәуеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Қиықов